13 жастағы жасөспірім кісі өліміне куәгер болды
Фото: Видеодан кадр
Өскемен-Алматы пойызында 74 жастағы зейнеткер қайтыс болды.
Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қайғылы оқиғаны жолаушылардың бірі әлеуметтік желіде жариялады. Айтуынша, пойызда өте ыстық болған.
«Атасы әйелімен бірге тамбурға шығып, ауа жетпей құлап, қайтыс болды. Мұның бәрі 13 жасар немересінің көз алдында болды. Кондукторларда алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы болмаған. Сарыөзек стансасына жеткен жедел жәрдем мәйітті көрпемен алып кетті. Зембіл болған жоқ», - деп бөлісті жолаушы.
Полиция департаменті ер адамның өліміне қатысты тергеуді бастады.
«Қонаев стансасындағы жергілік полиция бөлімі Өскемен-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызында кенеттен қайтыс болу оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу жүргізілуде» деп жауап берді департаменттің баспасөз қызметі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Сарыөзек станциясында №351 Өскемен-Алматы пойызының бастығы денсаулығының күрт нашарлауына байланысты 74 жастағы жолаушыға жедел жәрдем шақырғанын хабарлады.
«Пойыз жолсеріктері жолаушылармен және медицина қызметкерлерімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық шараларды қабылдады. Өкінішке қарай, жедел жәрдем бригадасы жолаушының қайтыс болғанын хабарлады. Жолаушы жолсерікке денсаулығының нашарлағанына шағымданбаған. Жолаушы әйелімен бірге Жалғыз-төбе станциясынан Алматыға бет алған. Әйелінің айтуынша, ер адам демікпемен ауырады. Ұлттық тасымалдаушы жолаушының отбасына көңіл айтады» делінген ҚТЖ хабарламасында.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық