13 жасар шахматшы Халықаралық шебер атағын иеленді
Фото: «Астана» орталық шахмат клубы
Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының чемпионы атағын алған қазақстандық шахматшыға итальяндықтар тәнті болды.
Бұл туралы «Астана» орталық шахмат клубы хабарлады.
Сауат 5 жасынан шахмат ойнап, 16 жасқа дейінгі дүниежүзілік шахмат олимпиадасының чемпионы атағын алды.
«Жуырда ғана жас шахмат шебері Сардиниядағы беделді жарыста голландиялық гроссмейстер Джорден Ван Форестті жеңгеннен кейін бірден танымал болды. Дарынды балаға итальяндықтар қызығушылық танытып, оны шахмат фестивалінің құрметті қонағы болуға және Римдегі шеберлер турниріне қатысуға шақырды. Көрермендер қазақстандықты өте жылы қарсы алды, сапарға кететін барлық шығынды ұйымдастырушылар өз мойнына алды! Жарыс нәтижесінде Сауат классикадан құрметті 3-орын үшін Кубокты үйіне әкеліп, блиц бойынша 1-2 орындарды бөлісті. Сауат 5 жасынан шахмат ойнап, 16 жасқа дейінгі Бүкіләлемдік шахмат олимпиадасының чемпионы атағын иеленгенін білесіздер», деп хабарлайды «Астана» орталық шахмат клубы.
Бұл атаққа жету үшін үш халықаралық шеберлік стандартын орындау және халықаралық ELO 2400 рейтингінен өту керек болды. Сауат Испанияда, Польшада және Қазақстанда өткен турнирлерде 5 рет халықаралық шеберлік сертификатын алды.
Жаңалықтар
- Қазақстан үшін ғарыш — тек ғылыми сала емес, ұлттық мақтаныш, стратегиялық даму бағыты
- ХҚКО-лардың қызметі азайып, бәрі онлайн форматқа өтіп жатыр
- АҚШ пен Иран келіссөздерді уақытша тоқтатты: Бітімгерлік келісім аяқсыз қалды
- Қырғызстандық спортшы 190 тонна болатын сегіз вагонды 6,5 метрге сүйреді
- Түнде Астанадағы өрттен үш бала қаза тауып, әйел ауруханаға түсті
- Мемлекет басшысы еліміздің православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
- Алматылық мектеп оқушысы БҰҰ-да ауадан су өндіру технологиясын таныстырды
- Қостанайда тірі адамның қолына «қайтыс болғаны» туралы күәлігін ұстатқан
- Алматы облысында 20 келі есірткімен ұсталған екі адам 9 жылға сотталды
- Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи-мәдени құндылығы зор құжат берді
- Адамдарды сиырмен салыстырған «ұстаз-блогер» айыппұл арқалады
- АҚШ пен Иран келіссөздері басталды: Тараптардың талаптары қатаң
- Тоқаев Бұхара қаласына келді: Стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасы талқыланады
- Израиль мен Ливан атысты тоқтату жөніндегі келіссөз күнін белгіледі
- Ұлттық банк валюталық бақылауды күшейтіп, жаңа ереже енгізеді
- Иран мен АҚШ арасындағы бітімгерлік келіссөздер өте ме?
- АҚШ профессоры: Трамп тығырыққа тірелді, Иран әлемді аузына қаратып отыр
- Тоқаев Трампқа «Артемида-2» миссиясы ғарышты игерудегі тарихи кезең екенін айтты
- Қостанай облысының тергеудегі экс-шенеунігіне қандай айып тағылды?
- Еуразиялық даму банкі Қазақстан экономикасына қанша қаржы құйды