13 сәуірге ауа райы болжамы: найзағай, жел, жаңбыр
Фото: Pixabay
Синоптиктер 13 сәуірге ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
«Республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикада желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте бұрқасын, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі» делінген Қазгидромет хабарламасында.
Алматы облысының шығысында найзағай ойнайды, солтүстік-шығыста жел 18-23 м/с күшейеді, екпіні 29 м/с болады.
Атырау облысының батысында, шығысында найзағай, шаңды дауыл, желдің күшеюі, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында – найзағай ойнап, жел күшейеді, екпіні 15-20, кейде 23 м/с.
Маңғыстау облысында – жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 23 м/с шаңды дауыл соғады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде – күн күркіреп, тұман түседі, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аймақтарында – найзағай ойнап, көктайғақ болады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде – күн күркіреп, тұман түседі, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында – желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында – жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстік-батысында – жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында күндіз – найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының шығысында – тұман, күндіз облыстың батысында – жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында – жел 15-20 м/с күшейеді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық