«13 адам мерт болған»: Жатақханадағы өртке қатысты сотта айыптау актісі жарияланды
Фото: Orda.kz
Алматыда 2023 жылы 30 қарашада болған болған жатақханадағы өртке қатысты сот өтіп жатыр. Өрт салдарынан 13 адам мерт болған еді. Сотта екі адам айыпталып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Шәріпов көшесіндегі ауданы 456 шаршы метрлік Almaty Hostel жатақханасы өрт болмай тұрып бір жарым ай бұрын ашылған. Тергеу нәтижесінде 2 адам кінәлі болған. Олар — жатақхана иесі Әділбек Мұхамедияров пен өрттен қорғау жүйесін орнату жөніндегі маман Александр Пекельник. Оларға өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу бойынша айып тағылып отыр.
Айыптау актісіне сәйкес, Александр Пекелник дабыл орнату кезінде қауіпсіздік техникасын бұзған. Ол монтаждау ұйымының басшысы бола тұра, өрт дабыл құрылғыларын орнатуға байланысты өзіне жүктелген нормативтік-құқықтық жауапкершілікті орындамаған. Ол жатақхананы өрт дабылдарымен қамтамасыз етпеген. Әрі оларды дұрыс орналастырмаған.
«Бұл осы нысанда өрт қауіпсіздігінің бұзылуына қауіп төндірді. Нормаларға сәйкес, өрт дабылының дыбыс деңгейі кемінде 85 децибел болуы керек, ал жатақханада бұл көрсеткіш небәрі 28-72 децибел болды. Бұл дыбыстық сигналдардың жеткілікті деңгейге жетпегенін білдіреді", деп мәлімдеді прокурор.
Өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандардың қорытындысына сәйкес, жатақхананың жертөле қабаттарында терезелер жоқ екені анықталды. Айыптау қорытындысында жертөледе жанатын өнімдердің болғаны анықталды. Соның ішінде көмірқышқыл газынан уланып 13 адам қаза тапқаны айтылған. Сонымен қатар дәлізде тұрған матрацтар бөлмелерден шығуды қиындатқан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жатақханада өрт болып, 13 адам көз жұмғанын хабарлаған едік. Өртке қатысты қылмыстық іс қозғалған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық