13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігі мен құжаттарсыз жүруге болады
Жол қозғалысы мәселелері бойынша түзетулер күшіне енгеннен кейін жүргізушінің құжаттары ақпараттық жүйе арқылы тексеріледі.
Жол қозғалысы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Президент қол қойған түзетулер 2021 жылғы 13 ақпанда күшіне енеді, деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Осы күннен бастап жүргізушілердің құжаттары ақпараттық жүйелер арқылы тексерілетін болады, бұл жүргізушілерге қағаз нұсқаларын өздерімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік береді.
Бұрын Қазақстанда жүргізуші құжаттарының біреуі болмағаны үшін ескерту (бірінші рет болса) немесе 5 АЕК айыппұл салынған. Енді көлікті басқарған кезде жүргізушілер жанында тек бір құжат болуы керек - жеке басын куәландыратын құжат. Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігі, тіркеу куәлігі, сақтандыру полисі, сондай-ақ техникалық байқаудан өткенін растайтын құжат, полиция қызметкері планшет арқылы тексереді. Интернетке қосылмаған елді мекендер мен автомобиль жолдарында тексеру радиобайланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
«Жүргізушілердің жүргізу құжаттарын алып жүру және ұсыну міндеттерін жою - бұл қазіргі заманғы технологиялық полицияның дамуына жасалған тағы бір қадам. Мемлекет көлік басқаруды едәуір жеңілдетті, бірақ жүргізушілер басқа көліктердің қауіпсіздігі үшін өз жауапкершіліктерін ұмытпауы керек. Сондықтан, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, мен жүргізушілерді де, жаяу жүргіншілерді де жол ережелері мен көлік жүргізу мәдениетін қатаң сақтауға шақырамын», - деп атап өтті ішкі істер министрі.
Жаңа ережелер қазақстандық жүргізуші куәлігі жоқ және Қазақстанда тіркелмеген көлік құралдарын басқаратын шетелдіктерге қатысы жоқ.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық