«12 жыл бойы азаптанған»: Науқастың ішінде қысқышты ұмытып кеткен дәрігерлер
фото: pixabay.com
Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында дәрігерлер ота кезінде хирургиялық қысқышты науқастың құрсақ қуысында ұмытып кеткен. Бектұр Тоқмағамбетовтің денесінде бұл хирургиялық қысқыш 12 жыл бойы жүріпті.
Бұл туралы patriotnews.kz хабарлады.
Бектұр Тоқмағамбетов осы уақыт бойы сыздап аурудан, әлсіздіктен, тершеңдіктен зардап шекті. 12 жыл бойы аурудың негізгі себебін білмеген науқас пен оның отбасы хирургиялық қысқыштың организмде қалып қойғанын білмеген.
Ауру салдарымен күрескен отбасы аурудан біржолата айығу үшін ем-домға көп қаражат жұмсады.
Компьютерлік-томографиялық сканерлеу кезінде дәрігерлер науқастың іш қуысында хирургиялық қысқыш барын анықтады. Жеке клиниканың дәрігерлері суретте екі сақинасы бар металл затты көргеннен кейін өз көздеріне өздері сенбеген. Ер адамға шұғыл ота жасалып, құрал организмнен алынып тасталды.
Дәрігердің мұндай ағаттығы үшін жаза тағайындалуы керек және өтемақы төленуі тиіс. Алайда Бектұр Тоқмағанбетовке денсаулық сақтау басқармасында болған істен көп уақыт өткенін және ота жасаған хирург пен көмекші ассиситенттің кім екенін білу мүмкін еместігін айтқан. Қылмыстық іс қозғалмады.
Бектұр Тоқмағанбетов сотқа шағым түсіріп, денсаулық сақтау басқармасынан әр жыл үшін үш миллион теңгеден төленетін ақшалай өтемақы талап етті. Бірақ сот дәрігерлердің ағаттығынан ұмыт болған хирургиялық қысқыш салдарынан әр жыл үшін азапты ауырсынуды бастан кешкен науқасқа 160 000 теңге жеткілікті сома болады деп шешті.
«Дәрігерлердің салғырттығынан менің күйеуімнің 12 жылдық ғұмыры қор болды. Біз денсаулық сақтау саласынан әр жылдағы науқастың ауырсынған халі үшін 3 миллион теңге талап еттік. Сот жыл сайын 160 000 теңге көлемінде өтемақы жеткілікті деп шешті. Құрметті депутаттар, бұл әділ сома деп ойлайсыз ба?» — деп жұбайы Бектұр Тоқмағанбетова Парламент Мәжілісі депутаттарына өзінің бейнеөтінішімен жүгінді.
«Біз қымбат дәрі-дәрмек сатып алдық, көптеген медициналық тексерісті бастан өткердік. Құрметті мәжіліс депутаттары, мәселемізді Үкімет деңгейінде көтеруді сұраймыз», — деді зардап шеккен науқастың әйелі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық