12 жыл бұрын парамен сотталған әкім халыққа тиесілі жерлерді сатып жатыр
Фото: Pixabay
Түркістан облысы Келес ауданындағы Бірлесу ауылының әкімі халыққа тиесілі жерлерді заңсыз сатып жатыр.
КТК арнасының хабарлауынша, халыққа құлақ асатын әкім жоқ.
Шарасыз адамдар әкімнің кабинетіне басып кіруге дейін барған. Тұрғындардың айтуынша, әкім халықтың шаруашылықпен айналысатын жерін байларға сатуына оның аудандағы лауазымды қызметте отырған күйеуі көмектеседі.
«Күйеуі Әбдіәкім Қарабалаев ауданда жер маманы болып лауазымды қызметте істейді. Өздері келісіп алып, артық жерлерді ешкімнің рұқсатынсыз конкурсқа қойып жатыр. Ал ол жерлердің барлығы халықтікі» деді Келес ауданының тұрғыны Қажымұқан Тұяқов.
Байлардың қолына өтіп кеткен шаруашылық жерлерді халық егіс үшін жалға алуға мәжбүр.
«Біз жыл сайын 250-300 мыңға егіс егу үшін жерді жалға аламыз. Тіпті былтыр диқаншылықтан дағдарысқа ұшырадық» деді Келес ауданының тұрғыны Құдабай Нұрбаев.
Халыққа құлақ аспайтын әкім бұған дейін 12 жыл бұрын осында пара алды деген күдікпен 10 жыл түрмеде отырып, артынша ақталып, қайта қызметіне кіріскен.
«Жердің конкурсына біз қатыса алмаймыз. Менің міндетім тек бос жатқан жерді анықтап, конкурсқа ұсыныс беру. Ар жағы жер бөлімінің жұмысы. Егер менің жұмысым елді күдіктендірсе құқық қорғау органдары бар. Егер шынымен кінәлі болсам мені қызметімнен алып тастайды» деді Бірлесу ауылдық округінің әкімі Қарашаш Еркінбекова.
Әкім келесі жылға дейін лауазымында қалады. Ол елде дүрбелең шығарғандарды сотқа беруге ниетті. Ал тұрғындар облыс әкімі мен прокуратураға арыз жазып жатыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық