12 жасар балaны зорлаған ер адам өмір бойына бостандығынан айырылды
Фото: freepik.com
Талдықорғанда кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлаған ер адамға апелляциялық сот үкімі шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға 2024 жылдың тамызында болды. 38 жастағы мас ер адам көршілерінің үйіне кіріп, 12 жастағы мектеп оқушысын зорлаған. Күдікті бірнеше сағаттан кейін ұсталды.
Қылмыстық кодекстің «жас балаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық» атты 121-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу жүргізілді.
Тергеу аяқталғаннан кейін материалдар Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түсті. Сот отырысы жабық өтті.
2025 жылдың қаңтарында сот айыпталушының әрекетін қайта анықтап, оны 15 жылға бас бостандығынан айырған. Бірақ бұл шешімге прокуратура наразылық білдірді. Олар қатаң жаза талап етті.
Ақыры апелляциялық сот резонанс тудырған іс бойынша үкімді өзгертті. Сотталушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Аймақ прокуратурасының мәліметінше, үкім заңды күшіне енді.
Еске салайық, Алматы облысында сот залынан қашқан қылмыскер қолға түсті. Ол бала зорлады деген күдікке ілінген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық