12 маусымнан бастап Италияға тікелей рейстер ашылады
Милан – Алматы – Милан бағыты бойынша аптасына екі рейс қатынайды.
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті мен Италияның авиациялық билік органдары арасындағы қолданыстағы келісімдер аясында екі ел арасында тікелей тұрақты рейстерді жүзеге асыру үшін құқықтық база құрылды.
Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева Италияның NEOS әуе компаниясының өкілдерімен кездесу барысында Алматы мен Милан арасында әуе рейсін ашу туралы келісімге қол жеткізді.
2022 жылдың 12 маусымынан бастап Милан-Алматы-Милан бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін бастау жоспарлануда. Рейстер аптасына 2 рейс – дүйсенбі және бейсенбі күндері, Boeing 737 және Boeing 787 ұшақтары арқылы жүзеге асады.
Қазақстан мен Италия өкілдері екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығын атап өтті.
NEOS әуе компаниясы Милан Мальпенса әуежайында орналасқан. Алғашқы рейс 2002 жылы 8 наурызда Милан – Сенегал бағыты бойынша жасалған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық