12 қазақстандық боксшы Астанадағы Бокстан Әлем кубогының финалында бақ сынайды
ҰОК
12 қазақстандық боксшы Астанадағы Бокстан Әлем кубогының финалында бақ сынайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бүгін, 6 шілде күні, елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Бокстан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетеді. Финалдық бәсекеде Қазақстан атынан 12 боксшы — 6 ер және 6 әйел спортшы алтын медаль үшін шаршы алаңға шығады.
Күндізгі сессия сағат 14:00-де басталады. Жекпе-жекке шығатын қазақстандықтар: Назым Қызайбай (48 кг) — Минакши Минакши (Үндістан), Махмұд Сабырхан (55 кг) — Руи Ямагучи (Жапония), Нұрбек Оралбай (80 кг) — Ёжерлин Сесар (Франция), Бекзат Нұрдәулетов (85 кг) — Джугну Джугну (Үндістан), Виктория Графеева (60 кг) — Ребека Де Лима Сантос (Бразилия), Наталья Богданова (70 кг) — Лекайша Перголити (Аустралия),Санжар Тәшкенбай (50 кг) — Джей Брайан Барикватро (Филиппин).
Кешкі сессия сағат 19:00-де жалғасады. Финалға өтетін боксшылар:
Алуа Балқыбекова (50 кг) — Пихла Кайво Оджа (Финляндия), Надежда Рябец (75 кг) — Суннива Хофстад (Норвегия), Елдана Тәліпова (80+ кг) — Нупур Нупур (Үндістан), Сабыржан Аққалұұлы (75 кг) — Рами Киюан (Болгария), Айбек Оралбай (90+ кг) — Никита Путилов (Германия).
Финалдық бәсекелерді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамашалауы күтіліп отыр.
Айта кетейік, 30 маусымда басталған бұл жарыс бокстың әлемдік алпауыттары құрған World Boxing халықаралық ұйымының аясында өтуде. Астана кезеңі – жаңа форматтағы Әлем кубогының құрамдас бөлігі. Турнирдің суперфиналы биыл күзде Үндістанда өтпек.
Бұл жарыста жеңіске жеткен спортшылар медаль ғана емес, сонымен қатар рейтингілік ұпайларға ие болып, суперфиналға жолдама алу мүмкіндігін арттырады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық