11 млн теңге сыйақыға пара туралы ақпарат бере аласыз
Ендігі жерде пара туралы ақпарат берген адамдарға 11 миллион теңгеге дейінгі сыйақы беріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алғаны үшін ғана емес, бергені үшін де қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін тағы бір рет ескертті.
Қылмыстық кодекске сәйкес, пара берген адамның мүлкі тәркіленіп, өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айрылады. Сонымен қатар параның 20-60 еселенген көлеміндегі айыппұл немесе 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да бар.
— Мәселен Қостанай облысында сотталған адамға құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін лауазымды тұлғаға 800 мың теңге пара бергені үшін 24 миллион теңге айыппұлы салынды. Ал Шығыс Қазақстан облысында пара беруші коммуналдық қызметтің лауазымды тұлғасына пара бергені үшін 10 миллион теңгенің айыппұлын арқалады, - деді онлайн брифингте превенция қызметі басшысының орынбасары Ғанижан Асанұлы.
Мәселен Алматы қаласында пара берген адам 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Осы күні 2 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын пара берген адамдар да жауапкершілікке тартылады. Ондай сыйлықтар үшін 200 АЕК (583 400 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
— Агенттіктің «1424» байланыс орталығына сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат беруге шақырамыз. Ол үшін заң бойынша тиісті ақшалай сыйақымен марапаттау қарастырылған. Егер сіздің хабарламаңыз расталса, онда заң шеңберінде 80 мың теңгеден бастап 11 миллионға дейін ақшалай сыйақы алуға болады, - дейді Ғанижан Асанұлы.
Ресми мәліметке сүйенсек, биылғы жыл басынан бері республика бойынша сыбайлас жемқорлыққа барған 724 адам анықталған, олардың үштен бірі пара беріп ұсталғандар.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық