101 оқушы тестілеуден айла-шарғымен өтемін деп құлады
фото: pixabay.com
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуді 39 мыңнан астам адам тапсырды. Олардың 43%-ы шекті балл жинаған. Орташа көрсеткіш – 75 балл болса, ең жоғары балл – 132.
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.
«Тестілеу қорытындысы бойынша 149 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 101 оқуға түсуші телефон, көшіру қағазын және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 41 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Кешенді тестілеуге кіргізудің үш деңгейлі жүйесінің арқасында 3 бөгде тұлға анықталды. Сондай-ақ, тестілеу бейнежазбаларын қайта тексеру нәтижесінде 4 адамның балы жойылды. Атап өтсек, ереже бұзушылық өткен жылмен салыстырғанда (2023 жылы – 281) шамамен екі есеге азайды» делінген министрлік сайтында.
154 білім беру бағдарламалары тобы бойынша республикалық апелляциялық комиссияға 16 мыңнан астам өтініш, оның ішінде мазмұны бойынша 15 мыңнан астам, техникалық себептерге байланысты 902 өтініш түсті. Түскен апелляциялық комиссияның шешімімен 152 бірегей тест тапсырмасына жауап берілді: мазмұны бойынша – 125, техникалық себептерге байланысты – 27 тапсырма.
Грант конкурсына құжаттар 12-15 тамыз аралығында қабылданады. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жария болады.
Грант конкурсына қатысу үшін үміткерлер тізімде көрсетілген құжаттарды тапсыруы қажет:
- Жеке куәліктің көшірмесі;
- Жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
- КТ сертификаты;
- халықаралық сертификаттар (бар болған жағдайда).
- Құжаттарды оқу орнына қабылдау комиссияларына офлайн, сондай-ақ виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы онлайн тапсыруға болады.
Болашақ магистранттардың оқуға қабылдануы 28 тамызға дейін жүзеге асырылады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық