1000-ға жуық қазақстандыққа заңсыз сотталғаны үшін мемлекеттен миллиондаған қаржы төленген
Ашық дереккөз
Қаржы министрлігі Orda.kz тілшісіне тергеушілер, прокурорлар мен судьялардың қателігі үшін қазақстандықтарға қанша төлем жасалғанын айтты.
Тергеу, прокуратура және соттың заңсыз әрекеттерімен келтірілген моральдық және материалдық залалды өтеу тікелей республикалық бюджеттен өндірілді. Соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға ақша үкімет резервінен бөлінеді.
Соңғы бес жылда қанша талапкер заңсыз сотталғаны үшін материалдық өтемақы алды деген сұраққа Қаржы министрлігі келесі деректерді келтірді:
2018 жылы 114 жеке тұлғаның пайдасына 133 199 023,21 теңге;
• 2019 жылы 195 жеке тұлғаның пайдасына 275 589 636,18 теңге;
• 2020 жылы 247 жеке тұлғаның пайдасына 423 268 732,85 теңге;
• 2021 жылы 199 жеке тұлғаның пайдасына 548 861 451,15 теңге;
• 2022 жылдың 8 айында 155 жеке тұлғаның пайдасына 466 229 726,64 теңге бөлінді.
«Заңсыз сотталғандығы үшін өтемақы алған азаматтардың басым бөлігі тұратын жетекші өңірлерге келетін болсақ, Қазақстан Республикасының барлық аумағында сотқа талап арыздар беріліп жатқанын хабарлаймыз. 2023 жылы жоғарыда аталған өтемақы төлеуге жоспарланған сомаға келетін болсақ, бұл төлемдер қылмыстық процесті жүргізетін органдардың қанша ақтау үкімдері мен шешімдері шығарылатынына, соның нәтижесінде олардың қаншасы моральдық өтемақы өндіру туралы талап арыз беретініне байланысты» деп жауап берді Қаржы министрлігі Аппарат басшысының міндетін атқарушы Қайрат Орынханов.
Жақында Әскери соттың сот алқасы осыдан сегіз жыл бұрын кәсіпкердің өміріне қастандық жасау ісі бойынша кінәлі деп танылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы майоры Айдын Алпысбаев пен оның сыбайластарын ақтап шықты. Сотта ақталғаннан кейін, Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында Алпысбаев түрмеде өткізген жылдары үшін моральдық және материалдық өтемақы талап ететінін әлі де білмейтінін ашық айтты.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық