100-ден аса күй білетін 85 жастағы әжей балаларға домбыра үйретіп жүр
Скриншот
Қарағандыда 100-ден аса күй білетін 85 жастағы Күлмара Рақымбекқызы Ақтоғай ауылының балаларына домбыра шертуді үйретіп жүр.
Хабар24 сайтының хабарлауынша, игі іспен айналысып жүрген әжей осыдан төрт жыл бұрын толықтай жанарынан айрылған. Қария оған қарамастан күніне бір мезгіл домбырасын қолына алып, жақындарын қуантып тұрады.
7 жасында алғаш қолына домбыра ұстаған Күлмара әжейге талант әкесінен дарыған. Ол кезінде белгілі күйші болған. Күлмара әжей 13 жасында алғаш өзінің мектепшілік музыкалық ансамблін құрған. Ол – Аққыз күйшінің шәкірті.
– Әр уақытта күйшінің жанында болуға тырысатынмын. Ол білетін шығармаларды жаттап алдым. Оның батасы әлі есімде: өмірдей нендей жағдай болмасын, домбыраны тастаушы болма, - дейді Күлмара Рақымбекқызы.
«Тоқырауын толқындары» ансамблінде өнер көрсеткен әжей 35 жыл музыкалық мектепте сабақ берген. Қазақ күйін Мәскеу, Түркия және Үндістанда орындаған.
– Домбыра әрдайым жанында жүреді. Адамдарға домбыра шертіп беруден рахат алады. Оның 6 баласы да өнерге жақын, домбырада, гитарада, пианинода ойнайды, - деді Ақтоғай ауылының тұрғыны Назигүл Түсенова.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық