10 жыл құлдықта ұстады - полицейлер көмек сұраған адамды тапты
Жетісу облысының полицейлері әлеуметтік желілерде көп жыл еңбек құлдығында болғанын мәлімдеген ер адамды іздеп тапты.
22 қарашада әлеуметтік желіде 10 жыл Қаратал ауданындағы шаруа қожалық иесінің құлдығында болғанын мәлімдеген ер адамның видеосы тарады. Полицейлер видеоның авторы Үштөбе қаласының 44 жастағы тұрғыны екенін анықтаған.
Ер адам өзінің және отбасы мүшелерінің құжаттарын жұмыс беруші заңсыз иемденгенін айтады.
- Қазір ер адамның өтініші ресми түрде тіркелді. Оған қатысы бар барлық адамдардан түсініктеме алынды. Яғни, олар - шаруа қожалығының иесі, оның қызметкерлері, сондай-ақ жәбірленушінің туыстары. Құжаттарды заңсыз алу дерегі бойынша тергеу амалдары басталды. Қылмыстық іс аясында, өтініш берушінің еңбекті пайдалануы туралы келтірген дәлелдері де тексеріліп жатыр, – деді облыс ПД бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Полицейлердің айтуынша, ер адам мен қызына көмек көрсетілген. Тергеу барысында олар Талдықорған өңірлік «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері ұсынған тұрғын үймен, киіммен және тамақпен қамтамасыз етілген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық