10 жыл ішінде 701 бала суға батты
Фото: ашық дереккөзден
Небәрі 10 жыл ішінде 2 240 адам суға батып кетті, оның 701–і балалар. Жыл басынан бері 250 адам құтқарылды, оның ішінде 63 кәмелетке толмағандар.
"Біздің қызметкерлер ғана емес, қарапайым азаматтар да құтқарады, мысал ретінде Бурабайда бір апта бұрын болған бір жағдайды келтіргім келеді, онда 43 жастағы кәсіпкер Рүстем Шаймерденов су астында жеті минут болған қызды тауып, құтқара алды. Ел өз батырларын білуі керек!"- деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.
Негізінен адамдар келесі себептерге байланысты батып кетеді: демалушылар ағымды жеңе алмайды, өз күштерін асыра бағалайды, балаларды қараусыз қалдырады және мас күйінде шомылады.
"Құтқарылғандардың көпшілігі су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзды, олардың әрқайсысы дерлік әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деді Ахметжанов.
ТЖМ демалушылардан келесі талаптарды сақтауды сұрайды:
- Балаларды су объектілерінің жанында қараусыз қалдырмаңыз және олардың өздігінен шомылуына жол бермеңіз.
- Тыйым салу белгілері орнатылған, мас күйінде бейтаныс және жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды.
- Жүзу шекараларын белгілейтін қалтқылардың артында жүзбеңіз.
- Қайықтарға жүзіп жақындамаңыз.
Қарапайым ережелерді сақтау сіздің және жақындарыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді. Апат болған жағдайда 112 телефоны бойынша көмекке жүгіну қажет екенін білу керек.
Жаңалықтар
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Бірден 22 жол апаты: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу емтиханын қалай тапсырып жүр?