«10 жыл бұрынғы уәде»: Вице-министр бастаған тубдиспансер құрылысы тұралап тұр
Фото: Orda.kz
Вице-министр Серік Төленбергеновтің кезінде ақтөбеліктерге берген уәдесі орындалған жоқ. Аурухана құрылысы 10 жылдан бері аяқталмай тұр. Енді өңір 4,6 млрд теңгенің жобасын өзгертіп, басқа аурухана салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
2016 жылы Ақтөбедегі Жаңақоныс тұрғын алабында туберкулезге қарсы диспансер құрылысы басталды.
Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы тапсырыс берген 4 674 910 238.88 теңге болған бұл жобаны кезінде қазіргі вице-министр Төленбергенов басқарды. Мемлекеттік сатып алу шартында аты тайға таңба басқандай жазылып тұр. Бірақ жоба ұзамай жарамсыз болып қалды. Себебі науқастар саны аз. Құрылыс тоқтап тұр, алаңы ашық-шашық жатыр.

«Қазір жобалық-сметалық құжаттамаға түзету енгізіліп жатыр. Бұған дейін 300 төсек орыны бар облыстық туберкулезге қарсы диспансердің құрылысы басталған. Кейін туберкулезге қарсы диспансер қажет болмай қалды. Себебі науқас саны аз. Кейін инфекциялық ауруханаға ауыстыру жоспарланды. Бірақ ел заңнамасы бойынша тек инфекциялық аурухана деп салуға болмайды. Енді инфекциялық корпусы бар облыстық аурухана болады», — деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мұратжан Қажығалиаев.
Ведомство мәліметінше, биыл жобалық-сметалық құжатқа түзету енгізіледі. Содан кейін ғана қаржы сұралады. Қаржысы бастапқыдан көбірек болуы мүмкін.
Аурухана 300 төсек орынға жоспарланған. Оның 200 орны инфекциялық ауруы бар науқастарға арналады. 100-і ересектерге, 100-і балаларға. Ал қалған 100 орын инфекциялық ауруларға тығыз байланыста болатын бөлімдерге арналады.


Мемлекеттік сатып алу порталында жоба шарты 2016 жылы жасалғаны көрсетілген. Ақтөбе облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының 2016 жылғы басшысы Серік Төленбергенгенов пен мердігер компания ANTARES PLATINUM ЖШС шарт жасасып, қол қойған. Құрылыс екі жылда аяқталуы тиіс болған.
Айта кетейік, Серік Төленбергенов 2016 жылы Ақтөбе облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болды. 2017-2019 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болды.Қазір ол Төтенше жағдайлар вице-министрі болып отыр.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Министр: Тұрғын үй бағасының зейнетақы жинағына қатысы жоқ
- Әскерде зорландым деп ақша жинаған адам сотталды
- Енді темекі шегетіндер өкпе обырына тегін тексеріле алады
- Тамыздан бастап Қазақстанда не өзгереді: Жүргізуші куәлігі, жаңа сайлау
- Махамбет Өтемісов атындағы университеттің ректоры ұсталды деген ақпарат тарады
- Дастан Сәтпаев «Челси» сапында дебют жасады
- 31 жастағы ер адам 74 жастағы әйелді пышақтап өлтірді
- Астанада өз бетінше автобус жуып жүрген жігіттің әрекеті мемге айналды
- Нұрай Серікбайдың ісі: Сот алқабилерсіз өтуі мүмкін, жәбірленуші тарап тікелей эфир талап етті
- Жаңа талап: Жүргізуші куәлігін жарамсыз етуге қандай негіз бар?
- Қорапқа салып берді: Жаңа туған үшем Алматы облысындағы ауруханада шетінеп кетті
- Қазақстан қорықтарында 19 орман өрті тұтанды
- Трамп Канададан келетін тауарларға 50 пайыздық баж салығын енгізді
- Тоқаев Испания құрамасын футболдан әлем біріншілігіндегі жарқын жеңісімен құттықтады
- ӘЧ-2026: Испандар жеңісі үшін гауһар тасты 30 алтын жүзік алады
- Павлодар облысында құдыққа түскен алты адам қаза тапты: Марқұмдардың ең жасы 16 жаста
- Әлем чемпионаты – 2026: Турнирдің үздіктері анықталды
- Месси мен Роналду дәуірі аяқталды: 2026 жылғы әлем чемпионаты несімен есте қалды?
- Ескертуге қарамастан КҚК теңіз терминалындағы мұнай танкеріне тағы шабуыл жасалды
- Венесуэладағы жер сілкінісі құрбандарының саны бес мыңнан асты