«10 млрд адам әкелсең де бәрібір»: Алматыда миллиондарынан айырылған тұрғындар сот алдына жиналды
Коллаж: Orda.kz
Алматы облысы мен қаласының кей тұрғындары азаматтық істер бойынша Бостандық аудандық сотының алдына жиналды. Жиналған қауым үйіне жөндеу жұмыстарын жасаймыз деп компанияға алданып қалғандар. Қаншама қара халықты миллиондарға тақырға отырғызып кеткен алаяқтар әлі де бостандықта жүр. Orda.kz тілшісі оқиға орнына барып, анық-қанығын біліп қайтты.
Тұрғындардың айтуынша, бұл 8 жыл бойы бостандықта жүрген «тәжірибелі» алаяқтар. Олар маркетингтің тілін мықты меңгерген және өз жарнамасымен адамды өзіне баурап алады.
«Өздерінің Instagram парақшаларына керемет қылып жарнама жасайды. Олар Pinterest бағдарламасындағы фото мен бейнежазбаларды басып алады екен де, соларды қояды екен. Сол «жылтырақтарына» біз қызығып, оларға хабарласамыз. Өздері бірінші нысанды көрейік деп, көруге келеді», – дейді Айнұр есімді жәбірленуші.
Айнұрдың сөзінше, олар бәрін жасап беретіндерін, материал шығынына есеп беріп отыратынын айтып, келген тұтынушыларды сендіреді. Олардың кеңселеріне апарады және құжат бойынша келісімшартқа қол қойдыртады.

«Олардың жөндеу жұмыстары 4 кезеңге бөлінеді. 1-кезең үйдің дизайн жобасы, 2-кезең құрылыс заттары бойынша материалдарын алу және 3-кезең де сол, 4-кезеңде қолыңа кілтті ұстатамыз, жиһаздарыңды кіргізіп, үйіңді тазалап береміз дейді. Кеңселеріне келісіп, 4,4 млн-ды қолдарына береміз. Кейін олар жұмысты бастайды. Басын бастағаннан кейін келесі этапты төлей беру керегін айтып, жеңілдік болып жатқанын алға тартады. Егер қазір төлемесе, қымбаттап кететінін айтады».
Алаяқтық жасаған осы топтарында 3-ақ адам бар. Бастық, бригадир және техникалық қадағалаушы. Бастығының есімі Аяжан Жәлемисова, бригадирдің есімі Мұхаммед-Юсуф Саид-Назаров, ал техникалық қадағалаушының есімі Руфина Әлиева. Айнұрдың айтуынша, барлық жұмысқа жауапты ретінде бригадир Мұхаммед-Юсуф Саид-Назаров өзін таныстырады.
Айнұрдың сөзінше, Аяжан Жәлемисова қазір Мұхаммед-Юсуфтан жүкті. Бірақ олар жүктілікті де арнайы осы істен жеңіл құтылу үшін жоспарлаған.
«Әдейі аяғы ауыр болады да, туатын уақыты келген кезде бұлардың арты ашыла бастайды. Аяғы ауыр адамға шартты түрде жаза беріледі. Олардың істері 3 жылдан кейін жабылады екен. Ал Мұхамед-Юсуф пен Аяжан екеуі азаматтық некеде тұрған адамдар екен. Олар өздерін тек қана жұмыстағы әріптес ретінде таныстырды», – деді Арайлым есімді жәбірленуші.
Арайлым мен Айнұрдың сөзінше, олар бейбіт түрде кездесуге шақырған. Алайда кездесуге келген кезде Аяжанның бірден жағдайы нашарлап жедел-жәрдем шақырады да, кездесу кейінге қалады. Бұған дейін ол жағдай 3 рет болған. Ал алаяқтар жәберленушілерді жоғары жақта «шатырым» бар деп те қорқытады.
«Олардың «генерал Заппаров бізді қорғап отыр, Ауғанбаев қорғап отыр, сендер бізге ештеңе істей алмайсыңдар» деп айтады. Біздің бұған ешқандай да дәлеліміз жоқ, бірақ бірнеше куәгер бар. Біз дәл сол сөзін бейнекамераға түсіріп үлгермей қалдық. Мен олардың «жем-шөбімін» деп өзі айтады».
Қанша жерден прокуратураға өтініш жазғанмен олардың біреуі де қаралмай жатқанын, 5 адамнан басқа ешкімді жауап алу мен беттестіруге де шақырмағанын, ал құзырлы органдардың оларға тісі батпай отырғанын жәбірленушілер жасырмады.
Айнұрдың сөзінше, алаяқтар: «10 млрд адам әкелсең де шыдай алмайсың» деп жазып WhatsApp месенджеріне хат жіберген.

Арайлымның сөзінше, осы жағдайдан кейін бір отбасы ажырасып кеткен және 1 адам миллиондаған ақшасынан айырылған соң, 2 рет инсульт алып, қазір ауруханада ем алып жатыр. Ал тағы 1 адам инфаркт алған.
«Бұл жағдайды тоқтатпасақ болмайды. Өйткені олар әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатыр. Ал құзырлы органдар оларды ұстамайды және олар бізге қоқан-лоқы көрсетіп, қорқытып отыр», – деді Арайлым.
Азаматтық сотқа келген жәбірленушілердің істері техникалық ақауға байланысты кейінге шегерілді. Олардың айтуынша, алаяқтар дәл қазіргі таңда Астанада өз әрекеттерін жалғастырып жатыр.
Orda.kz редакциясы осы оқиғаға байланысты Алматы қалалық полиция департаментіне ресми сауал жолдады. Әзірге жауап түскен жоқ.
«Үйге жөндеу жұмыстарын жүргіземін» деген сылтаумен ақша алып, кейін байланысқа шықпай кететін жағдайлар – тұрмыстық алаяқтықтың жиі кездесетін түрі. Мұндай оқиғалар азаматтарға тек материалдық емес, психологиялық зиян да келтіреді. Осыған байланысты мамандар тұрғындарды барынша сақ болуға, қызмет көрсетуші тараптан нақты кепілдіктер талап етуге және тексерілген, тәжірибелі мамандармен жұмыс істеуге шақырады. Алаяқтықпен күрес – құқық қорғау органдарының ғана емес, тұтас қоғам мен әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі. Мұндай фактілердің алдын алу үшін заң алдындағы жауапкершілікті күшейтіп, құқықтық сауаттылықты арттыру маңызды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық