10 млн гектар орман алқабы жайылымға беріледі
Еліміздегі орман қоры ретінде арнайы қорғауға алынған алқаптың 10 млн гектары жайылымға берілетін болды. Төрт түлік малмен күн көріп отырған халыққа жағдай жасалады.
Мәселе Жер реформасы жөніндегі комиссиясының үшінші отырысында қаралды. Дегенмен жергілікті билік бюрократиялық кедергілерді жойып, шаруаның ретке қоюы қажет.
Жиынға Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық етті. Отырысқа Парламент депутаттары, облыс әкімінің орынбасарлары және қоғам белсенділері қатысуда.
Экономикалық жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, елдегі орман алқабының жалпы аумағы 41 млн гектарға жетеді. Соның 10 миллионы жайылымға арналған жерлер. Алайда жергілікті билік жағдайды тиімді пайдалануды жолға қоймаған.
Қазіргі таңда мемлекеттік орман қорынан 2,7 млн гектар алқап жергілікті шаруаларға берілген. Оның 430 мың гектары ұзақ мерзімді келісім-шарт негізінде алынған. Келісім-шарт қысқа мерзімге жасалмайды, яғни 49 жылға дейін шаруалар малдарын жаятын жер бар. Жергілікті әкімдіктер 1 жылмен ғана шектеліп, тұрғындардың кәсібін өрістетуге кедергі болып келген.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық