«10 минутқа жетпей келеді»: Қазақстанда жедел жәрдем жұмысына өзгерістер енгізіледі
Фото: freepik.com
Денсаулық сақтау министрлігі шұғыл медициналық көмек көрсету ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулы жобасын әзірледі, деп хабарлайды Orda.kz.
Құжат «Ашық НҚА» порталында «Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізу жобасына түсіндірме жазба ұсынылды.
Өзгеріс енгізудегі мақсат Қазақстан Республикасының жедел медициналық көмек көрсету, оның ішінде медициналық авиациясы қағидаларына қойылатын талаптарды белгілеу екені айтылған. Құжатқа сәйкес, МСАК ұйымының мобильдік бригадасы қызмет көрсетуге жататын жеделдіктің 4 (төрт) санатына бөлінеді:
- жеделдіктің бірінші санатындағы шақыру – шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап ететін, өмірге тікелей қатер төндіретін пациенттің жай-күйі;
- жеделдіктің екінші санатындағы шақыру – медициналық көмек көрсетусіз өмірге ықтимал қатер төндіретін пациенттің жай-күйі;
- жеделдіктің үшінші санатындағы шақыру – медициналық көмек көрсетусіз денсаулыққа ықтимал қатер төндіретін пациенттің жай-күйі;
- жеделдіктің төртінші санатындағы шақыру – пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағза мен жүйенің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, жіті аурудан немесе созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған пациенттің жай-күйі.
Фельдшерлік және мамандандырылған (дәрігерлік) бригадалардың пациенттің орналасқан жеріне дейін ЖМКК диспетчерінен шақырту алған сәттен бастап келу уақыты:
- 1 шұғылдық санаты – он минутқа дейін;
- 2 шұғылдық санаты – он бес минутқа дейін;
- 3 шұғылдық санаты – отыз минутқа дейін;
- 4 шұғылдық санаты – алпыс минутқа дейін.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық