1 шілдеден бастап сапа талаптарына сай келмейтін өнім тәркіленеді
Қазақстанда 1 шілдеден бастап сапа талаптары мен техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнімдер толығымен алынып тасталады.
Бұл туралы Алматы қаласы Техникалық реттеу және метрология комитетінің бөлім басшысы Сауықбек Қапаев мәлімдеді, деп хабарлады Orda.kz.
Өткен жылдың 30 желтоқсанында «Техникалық реттеу туралы» заңның жаңа редакциясы қабылданды, ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Жаңашылдықтың ерекшелігі өндірушіні немесе сатушыны емес, өнімнің өзін тексеру болып табылады. Ол үшін зертханалық зерттеулер жүргізілетін болады.
– Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтіндігі және қауіпті деп танылған жағдайда ғана өнімдер тәркіленеді, - деді Сауықбек Қапаев.
Спикер бұл үшін жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізілетіндігін айтты. Оның нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды әкімшілік іс қозғамай, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жою бойынша ұсыныстар жасалады.
Сауықбек Қапаев Алматыда 2020 жылы 83 тексеру жүргізілгенін, нәтижесінде техникалық реттеу, аккредиттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзудың 50 фактісі анықталғанын айтты.
Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 18,5 млн теңге айыппұл салынды.
– Тексеру нәтижелері бойынша 5087 сәйкестік сертификаты, 4231 сәйкестік туралы декларация, 1562 тексеру сертификаты алынып тасталып, тоқтатылды, - деп толықтырды бөлім басшысы.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық