1 шілдеден бастап электр қуатының жаңа шекті тарифі болады
2025 жылға дейінгі тарифтер электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдардың 47 тобына белгіленді.
Бұл туралы Orda.kz хабарлады.
1 шілдеден бастап Қазақстанда электр энергиясына арналған 2025 жылға дейін белгіленген жаңа шекті тарифтер күшіне енеді. Энергетика министрінің бұл бұйрығы «Әділет» жүйесінде жарияланған.
2021-2025 жылдар аралығындағы жаңа тарифтер электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдардың 47 тобына жоспарланған. Кейбір топтар үшін (мысалы, № 3, 11, 19, 22-27, 33, 34, 41, 42, 44, 45) шекті тариф төмендейді. Ал басқалары үшін (мысалы, №21, 30) өзгеріссіз қалады. Қалғаны үшін ол көбейеді. Мысалы, №20 топта максималды тарифтің өсуі 1 кВт/сағ үшін шамамен 5 теңге болады.
Энергия өндіруші ұйымдар көктемде шекті тарифтерді көтеруге өтінімдер берді, бекітілген тарифтер бұйрық жобасында көрсетілген негізінен төмен.
Электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдар тобы / Электр энергиясының шекті тарифтері, теңге / кВтсағ (1 шілдеге дейін қолданылатын тарифтер жақшада көрсетілген):
- 1 топ - 5,9 (5,8);
- 2 топ - 5.59 (5.55);
- 3 топ - 8.59 (9.13);
- 4 топ - 7.91 (7.5);
- 5 топ - 10.45 (9.1);
- 6-топ - 8,78 (7,91);
- 7 топ - 8,48 (7,72);
- 8 топ - 9.44 (8.38);
- 9-топ - 6,7 (6,17);
- 10-топ - 9.49 (8.29);
- 11-топ - 6,77 (7);
- 12 топ - 4.93 (4.8);
- 13 топ - 12.02 (10.39);
- 14 топ - 12.68 (10.1);
- 15-топ - 10,7 (9,5);
- 16 топ - 10.53 (8.86);
- 17 топ - 11.97 (11.78);
- 18 топ - 11,66 (9,95);
- 19 топ - 5,76 (6,3);
- 20-топ - 13.24 (8.48);
- 21 топ - 8.1 (8.1);
- 22 топ - 7.07 (7.3);
- 23 топ - 8.44 (8.67);
- 24 топ - 7.28 (7.61);
- 25 топ - 8.89 (9.47);
- 26 топ - 10.23 (10.3);
- 27 топ - 13.04 (13.1);
- 28 топ - 11.44 (10.02);
- 29 топ - 11.43 (11.81);
- 30 топ - 7,6 (7,6);
- 31 топ - 12.44 (10.4);
- 32 топ - 1.46 (1.1);
- 33 топ - 2,85 (3,44);
- 34 топ - 2.14 (2.59);
- 35 топ - 8.77 (8.1);
- 36 топ - 10.9 (12.02);
- 37 топ - 13.05 (10.8);
- 38 топ - 15.04 (15.46);
- 39 топ - 12.34 (11.3);
- 40-топ - 11.58 (11.3);
- 41 топ - 8.53 (8.76);
- 42 топ - 12.35 (12.78);
- 43 топ - 7,48 (7);
- 44 топ - 7.16 (7.39);
- 45 топ - 10.67 (12.1);
- 46-топ - 16,92;
- 47 топ - 10.17.
Жоғарыда аталған топтарға енетін энергия өндіруші ұйымдардың атаулары келтірілген.
Неге қымбаттап жатыр?
Энергия өндіруші ұйымдар шығындарының өсуіне әсер ететін негізгі факторлар:
- жаңартылатын энергия көздеріне жыл сайын өсіп келе жатқан сыйлықақы;
- валюта бағамының ауытқуына байланысты импортталатын материалдар мен қосалқы бөлшектерге шығындардың өсуі (қазандық пен турбина, сорғы, күл жинайтын жабдық);
- «Богатырь Көмір» ЖШС көмірінің өзіндік құнының өсуі;
- газ тасымалдау бағасының өсуі.
Жаңалықтар
- Күйген папирус алғаш рет толық оқылды: Антикалық кітапхана құпиясы ашылуда
- Ираннан келген итбалықтар Ақтауда қырылып жатыр ма?
- Үш күннен бері Астана қоқыс полигонындағы ірі өртті сөндіру мүмкін болмай отыр
- Астана маңында көлік карьерге батып, екі бала қаза тапты
- Бес жылдан кейін оралған Конор Макгрегордың жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
- ӘЧ-2026: FIFA финал өткен алаңды бөлшектеп, сатылымға шығарды
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Астана–Дубай рейсі кері қайтты
- Петропавлда есірткі тасымалдаушы полициядан қашамын деп дүкенді талқандады
- Иран Ормуз бұғазына шығатын жолды қайта бұғаттады
- Дархан Сатыбалды: Биыл 11 мыңнан астам мұқтаж азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарады
- Президент Райымбек ауданы тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
- Гонконг әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
- Бишімбаев ісімен танылған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті
- 200 жер телімі алынады: Үлкен Алматы айналма жолына алты жолақты магистраль қосылады
- Қонақүйдегі жанжал: Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат расталмады
- 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
- ӘЧ-2026: Испания құрамасы Бельгияны жеңіп өз рекордын жаңартты
- Джеки Чан «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімі алдында Қазақстандық банктің клиенті атанды
- BaiQymyz-2026: Астанадағы фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз құйылады
- «Мың зымыранды Иранға бағыттаймын»: Трамп ультиматум қойып, тағы қорқытты