1 шілдеден бастап барлық Al Hilal төлем карталары бұғатталды
Фото: сайт Pexels
Қазақстандағы Al Hilal Ислам банкі ребрендинг жасап жеке азаматтарға қызмет көрсетуді тоқтатады. Ал 1 шілдеден бастап барлық Al Hilal төлем карталары бұғатталды.
Сонымен қатар, оның акционері БАӘ-нің ADCB банкі Қазақстанда «шариғатқа сәйкес корпоративтік банктік қызметтерді ұсыну хабын» құрмақ. Абу-Даби үкіметі ADCB акцияларының 62,52% иеленеді; қалған бөлігі жеке компаниялар мен жеке тұлғалардың меншігінде.
Абу-Даби Коммерциялық банкі (ADCB) Қазақстанда шариғатқа сәйкес корпоративтік банктік қызметтерді ұсынатын хаб ашады. Бұл араб банкінің Орталық Азиядағы қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ADCB-нің Қазақстандағы еншілес ұйымы Al Hilal ADCB исламдық банкинг бөлімшесі аясында корпоративтік қаржылық өнімдер мен қызметтерге ребрендинг жасап жаңаша бағытта ұсынатын болады.
Банк акционері Қазақстандағы қазіргі уақытта Al Hilal жүзеге асыратын азаматтарға жеке қызмет көрсетуді біртіндеп тоқтатады. Бұл ретте банк өзінің жеке клиенттеріне банктік қызмет көрсетудің балама нұсқаларына көшуде қолдау көрсетуге уәде берді.
Еске сала кетейік, Al Hilal 2010 жылы ашылған Қазақстан мен ТМД елдеріндегі алғашқы ислам банкі. ADCB 2019 жылы Al Hilal банкін сатып алу аясында Қазақстандағы «Al Hilal Islamic Bank» АҚ сатып алған. Сондай-ақ Al Hilal Қазақстандағы 21 банктің ішінде 20-шы орында тұр. Оның активтері 154,5 млрд теңгені, несие портфелі 92 млрд теңге болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық