1 сәуірге дейін көлік салығын төлемесе не болады?
1 сәуір - жеке тұлғалар үшін 2021 жылға арналған көлік салығын төлеудің соңғы мерзімі. Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында төлемді кешіктіру қосымша шығындарға және шоттардың жабылуына әкелетіні айтылған.
Біріншіден, салық органдары борышкерлерге салық берешегі туралы хабарлама жібереді. 3063 теңгеден (1 АЕК) асатын берешегі болса, хабарлама жеткізілгеннен кейін 30 жұмыс күн аралығында мәжбүрлеп орындату үшін салықтық ұйғарым жасалып, борышкерге жолданады.
«Хабарлама жеткізілгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, салықтық ұйғарым орындалу үшін жеке сот орындаушыларына беріледі. Бұл ретте жеке сот орындаушылары берешек сомасынан бөлек, есепшотқа тыйым салудан туындаған келеңсіздіктерді айтпағанда, салық берешегі сомасының 25%-ға дейінгі мөлшерінде төлемді қосымша өндіріп алады» деп түсіндірді комитетте.
Көлік құралдары салығы сомасын kgd.gov.kz веб-порталындағы есептегіштің және e-Salyq Azamat мобильді қосымшасының көмегімен дербес есептеуге болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық