«1 млрд жымқырды»: Экс-судья Жолмановаға прокурор қандай жаза сұрады?
Фото: Светлана Жолманованың Facebook-тегі парақшасынан
Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотында экс-судья Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша жақында тараптардың жарыссөз кезеңі өтті. Мемлекеттік айыптаушы Жолмановаға орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Светлана Жолманова 2021 жылдан 2024 жылға дейін жасалған 48 алаяқтық қылмыс бойынша айыпталып жатыр. Айыптау актісінде оның тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу және жалған тендерлік жобаларға қатысуды ұсыну арқылы шамамен 1 миллиард теңгені заңсыз иемденгені көрсетілген.
«Нақты сома белгісіз. Себебі кейбір жәбірленушілер талап-арыздан бас тартты. Ал кейбірі залал көлемін нақтылауы керек болғанымен, оны жасамады. Сондықтан сот шешімін күтеміз», — деді Жолманованың адвокаты Эльдар Ганбаров.
Бұған дейін адвокаттың айтуынша, Жолманова айыптау актісін қарап шығудан бас тартқан. Келесі сот отырысында айыпталушыға соңғы сөз беріледі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық