«1 млрд теңгеге жуық»: мемлекет қаржысына кино түсіріп, оны прокатқа шығармағандар жазаланды
Фото: freepik.com
Алматы қаласының прокуратурасы 2019-2023 жылдарға ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатының игерілуін тексерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, басшылық Ұлттық фильмдердi тиімсіз қаржыландырған.
Мысалы, 2019-2021 жылдар кезеңінде «Выбор» кинофильмі 500 млн теңге сомасына қаржыландырылды.
Алайда мемлекет толықтай қолдағанына қарамастан, аталған фильм прокатқа сол күйі шықпады.
Осылайша мемлекет, заңнамада көзделген прокаттан және фильм көрсетілімінен түсетін кірістің 20 %-ын алу мүмкіндігінен айырылған.
Тағы бір ұқсас жәйт, 421 млн теңгеге қаржыландырылған «Тырналар» фильмі прокатқа шыққан жоқ.
«Қала прокуратурасының қадағалау актісі бойынша ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасының орынбасары тәртіптік жауаптылыққа тартылды» делінген хабарламада.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді