«1 млрд доллардан астам қаржы жымқырған»: СІМ АҚШ-та екі бірдей қазақстандықтың ұсталғанын растады
Фото: әлеуметтік желіден
Сыртқы істер министрлігі АҚШ-та екі қазақстандық азаматтың Medicare және Medigap бағдарламаларына қатысты алаяқтық жасап ұсталғанын растады, деп хабарлайды Orda.kz.
АҚШ құқық қорғау органдары СІМ сұрауына жауап беріп, қазақстандықтардың ұсталғаны туралы хабардар етті.
«Қазақстан Республикасының Нью-Йорктегі бас консулдығы бұл мәселе бойынша америкалық тараппен тұрақты байланыста», деп хабарлады СІМ.
Министрліктің мәліметінше, ұсталған азаматтардың туыстары әлі күнге дейін елшілікке бұл мәселемен жүгінбеген екен.
Айта кетейік, Чикаго қаласында екі қазақстандық азамат АҚШ-тың медициналық сақтандыру бағдарламалары арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. АҚШ федералдық прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер медициналық құрал-жабдықтармен диагностикалық тексеру көрсетілмесе де, жалған құжат арқылы мемлекеттік және жеке сақтандыру компанияларынан 1 млрд доллардан астам қаржы алған.
Күдікті Әнуар Әбдірахманов Priority One Medical Equipment компаниясы арқылы 2024 жылдың наурызы мен тамызы аралығында 666 миллион долларлық медициналық тауар жеткізілгендей жалған есеп берген. Тексеру кезінде ешқандай құрал алынбағаны және компания кеңсесінің іс жүзінде жұмыс істемейтіні анықталды. Прокурорлар жымқырылған қаржының бір бөлігі Гонконгтағы шетелдік есепшоттарға аударылғанын хабарлады.
Екінші айыпталушы Таир Смағұл Medical Home Care Inc. компаниясы арқылы медициналық катетерлер жеткізілді деп, 953 миллион долларлық жүздеген мың жалған өтінім жіберген. Medicare жүйесіне осы компанияға қатысты 27 мыңнан астам шағым түскен. Науқастар мен дәрігерлер аталған қызметтердің орындалмағанын растап отыр. Тергеу мәліметтері бойынша, Смағұл сақтандырудан түскен ақшаны қолма-қол шешіп алып, компания есепшоттарын жауып, қаржыны жеке шотына аударған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Иран соғысы: Таяу Шығыс елдерінің туризм саласындағы шығындары 56 млрд долларға жетті
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- 3 сәуірде Астана уақытымен 21 сағат 13 минутта жер сілкінісі тіркелді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады