1 миллионнан астам отбасы коммуналдық қызметтер жеңілдігін ала алады
Қазақстанда 1 миллионнан астам адам коммуналдық қызметтердің жартысын ғана төлей алады. Бүгінде бұл жеңілдікті халықтың 5 пайызы ғана пайдаланып отыр. Тұрғын үй көмегі аясында шығындардың жартысы мемлекет есебінен өтеледі.
Энергетика вице-министрі Қайрат Рахымовтың айтуынша, халықтың басым бөлігі коммуналдық қызметтер бойынша жеңілдіктер бар екенін білмейді. 2019 жылы тек 54 мың отбасы ғана тұрғын үй көмегіне өтініш берген. Ал 2020 жылы көмекке жүгінген отбасылардың саны 36 мыңнан да аспаған.
— Біз еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге есеп-қисап жасадық. Қазіргі кезде ондай жеңілдік алуға құқылы абоненттердің саны 1 миллион адамнан асады, - деді Рахымов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Тұрғын үй төлемін алу үшін халыққа қызмет орталығына баруға немесе egov.kz порталы арқылы онлайн режимде құжаттарды жіберуге болады. Тұрғын үй көмегі – коммуналдық қызметтердің бір ғана бөлігін жабуға арналған төлем. Оның бекітілген мөлшері жоқ және әр аймақта әртүрлі болады.
Тұрғын үй көмегі тұрмысы төмен отбасылар беріледі, олар төмендегі талаптарқа сай болуы шарт:
- Отбасының адам басына шаққандағы ай сайынғы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (34 302 теңге ) аспауы тиіс;
- Отбасында жеке меншік немесе жалға алған бір ғана пәтер болуы қажет;
- Тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуде тұру керек.
— Мәселен, бір отбасыда төрт адам бар дейік, отағасы ғана жұмыс істейді. Ай сайынғы табысы – 100 000 теңге. Әйелі және кәмелет жасқа толмаған екі баласы бар. Олар жұмыс істемейді. Заң бойынша осы отбасы коммуналдық қызметтердің жартысын ғана төлей алады. Қалғаны мемлекет тарапынан өтеледі. Себебі 100 000 теңгені төрт адамға бөлсек, әрбіреуіне 25 000 шығады. Демек, отбасының адам басына шаққандағы ай сайынғы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайды, – дейді вице-министр.
Коммуналдық төлемнің шекті сомасы ай сайынғы табыстың 5-20 процентін құрайды. Заң бойынша тұрмысы төмен отбасының коммуналдық шығындарының шекті көлемін мәслихат анықтайды.
Алматыда 5 проценттік меже қойылған. Мысалы, төрт адамнан тұратын отбасының ай сайынғы табысы 100 000 теңге болса, соның 5 проценті, яғни 5 мың теңгесі ғана коммуналдық шығындарға арналған. Ал одан артылғанын мемлекет төлеп береді.
Өтінішті қарау мерзімі – сегіз жұмыс күні. Тұрғын үй төлемі оны алатын адамның есепшотына аударылып отырады. Үш ай сайын құжаттарды жаңартып отыру қажет.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық