1 қыркүйекке қарай Алматыда қанша мектеп ашылады
Фото: gov.kz
Алматыда 7 жаңа мектептің құрылысы аяқталды, ал тағы 4 мектепті биылғы тамыз айының соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді:
«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Алматыда жалпы 34 800 оқушыға арналған 21 мектептің құрылысы жоспарланған. 2024 жылдың қыркүйегінде 600 орындық №97 мектеп ашылды. Қазіргі уақытта 12 000 оқушыға арналған 7 мектептің құрылысы аяқталды, оларды пайдалануға беру актілері тиісті органдармен келісіліп жатыр. 2025 жылғы 30 тамызға дейін 8000 орындық 4 мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде» деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар, Егізбаев көшесі, 9 мекенжайында 2 500 орындық мектептің құрылысы жалғасуда (Bazis жобасы). Құрылыстың 80%-ы аяқталған, нысанды 2025 жылғы 30 қазанға дейін тапсыру жоспарланған.
Жыл соңына дейін тағы 11 700 орынға арналған 8 мектептің құрылысы аяқталады деп жоспарлануда.
«Алатау ауданында 550 орындық мектеп салынып жатыр, ал Наурызбай ауданында 1 200 орындық жаңа мектепті жергілікті бюджет есебінен сатып алу көзделген. Осылайша, 2025 жылы 35 950 жаңа оқушы орны ашылады», деп атап өтті басқарма.
«1300 мектепті жаңғырту» жобасы аясында қалалық құрылыс басқармасымен бірлесіп 31 жұмыс істеп тұрған мектептің тізімі жасақталған: биыл соның 15-інде күрделі жөндеу басталады.
1 қыркүйекте мектеп партасына 26 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы отырады. Құжат қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Қазіргі кезде мектепке 18 мыңнан астам бала қабылданған. Соңғы бес жылдағы динамика бойынша жыл сайын бірінші сыныпқа шамамен 30 мың бала келеді.
Қазір қалада 348 мектеп бар, онда өткен оқу жылының қорытындысы бойынша шамамен 350 мың оқушы оқыды. Оқушылар саны жыл сайын орта есеппен 12–14 мыңға артып отыр. Бұған демографиялық өсім мен ішкі көші-қон әсер етуде.
Бұған дейін қала әкімі Дархан Сатыбалды «Келешек мектептері» жобасы аясындағы мектептердің құрылысын осы жылдың тамызына дейін аяқтауды Bazis-A компаниясынан талап еткен еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық