«1-ден 6 жасқа дейінгі балалар»: БҚО-да бес бала газдан уланып көз жұмды
Фото: freepik.com
Бүгін, 4 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Жымпиты ауылында қайғылы жағдай болды. 5 бала көміртегі тотығына уланып қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz Мой город басылымына сілтеме жасап.
Сағат 15:00 шамасында Жымпиты ауылында тұрғын үй өртеніп жатқаны туралы ақпарат тарады. Үй ішінен бір жастан алты жасқа дейінгі ес-түссіз жатқан балалар шығарылып, ауруханаға жеткізілген. Барлық бала бір отбасыдан шыққан. Олар естерін жимаған күйі қайтыс болды.
«Балалардың бәрі жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барлық күш-жігерін жұмсағанымен балаларды құтқару мүмкін болмады», деп хабарлады БҚО денсаулық сақтау басқармасы.
Өрт кезінде балалардың ата-анасы жұмыста болыпты.
5 баланың өмірін жалмаған жеке тұрғын үйдегі өрт сөндірілді. Құтқарушылар 5 минут ішінде оқиға орнына жеткен. Оқиға орнында 30 шаршы метр аумақта жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген. Балалардың отбасымен психолог жұмыс жүргізеді. 5 баланың қазасына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, сәуір айында Меркіде 3 қыз газдан уланып, мерт болды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық