1 ақпаннан бастап еліміздің батыс өңірлерінде автогаз қымбаттады
1 ақпаннан бастап Қазақстанның батыс өңірлері – Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында автогаз қымбаттады, деп хабарлайды Orda.kz.
Сұйытылған мұнай газы автокөліктерге отын ретінде пайдаланылатыны белгілі. Маңғыстау облысында Энергетика министрлігінің бұйрығына сәйкес 1 ақпаннан бастап сұйытылған газдың литрі 59 теңгеден 65 теңгеге дейін көтерілді. Осылайша сұйытылған газдың бағасы 6 теңгеге қымбаттады.
Ақтөбе облысында газ бағасы 18 теңгеге қымбаттады. Ал енді ол 77 теңге болады. Бұрын мұнда автогаз 59 теңгеден сатылған. Облыс орталығынан 200 шақырым қашықтықтағы аудандар үшін газ бағасы бұдан да жоғары – 82 теңге (бұрынғы баға 64 теңге) болады.
Атырау облысында сұйытылған газдың бағасы 77 теңге болмақ. Бұрын жанармайдың бұл түрі ол жақта 59 теңгеден сатылған.
Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап Қазақстанда бензин, дизельдік отын және автогаздың бөлшек сауда бағасы өзгерді.
ҚР Энергетика министрлігі түсіндіргендей, сұйытылған мұнай газының бағасы «өндірістің нақты өзіндік құнына бейімделу үшін» 1 ақпаннан бастап көтеру жоспарланған.
«Энергетика министрінің бұйрық жобасына сәйкес сұйытылған газдың шекті көтерме бағасы тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін өседі. Бөлшек сауданың шекті бағасы аймаққа байланысты 6 теңгеден 21 теңгеге дейін көтеріледі», деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық