1 қаңтардан бастап интернет алпауыттар Қазақстанға салық төлеуге міндеттеледі
Қазақстанда 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің шетелдік интернет-компаниялардың Қазақстанда сатылған тауарлар, жеке тұлғаларға көрсеткен қызметтері үшін салық төлеу жөніндегі міндеттемелері туралы нормалары күшіне енеді.
Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, онлайн платформалар арқылы қызметтер мен тауарларды сататын барлық шетелдік компаниялар Қазақстан бюджетіне салық төлеуге міндетті болады. Сатылған тауарлар мен қызметтер сомасына салық 12% құрайды. Бұл норма қазақстандық төлеушілерге әсер етпейді.
– Төлем тәртібі өте қарапайым. Компаниялар салық салу мақсатында тіркелмейді. Оңайлатылған тәртіпте олар салық органдарына хат жолдап, салық төлеуге дайын екендігі туралы хабарлайды, - деді Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі Азамат Әмрин.
Әкімшілік шетелдік интернет-компаниялар контекстінде аударылған сомалар туралы банктердің деректері негізінде жүзеге асырылатын болады.
Ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша, осы ҚҚС салығы бойынша бюджетке түсетін түсімдер жылына 2 млрд теңгені құрайды.
2021 жылғы 25 қарашада Сенат Салық кодексіне интернет арқылы сатылатын тауарларға цифрлық салықты енгізуді көздейтін түзетулерді қабылдады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық