1,5 миллион адам коронавирусқа қарсы екпе алды
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы вакциналауға қатысты жағдай туралы айтты, деп хабарлады Orda.kz.
Бүгінгі күні қазақстандықтарға Спутник V, QazVaq және Hayat-Vax деген үш вакцина қол жетімді.
– 1,5 млн-ға жуық азамат немесе вакциналауға жататын халықтың 15%-ы екпе алды. Вакцина жоспарға сәйкес жеткізілуде, сәуірдің аяғында 2,3 млн доза вакцина жеткізілді. Елде вакциналау қарқын алуда. Сонымен, 1 сәуірден бастап тәулігіне бірінші және екінші дозалармен вакциналанған адамдардың саны 12 есеге өсті, яғни күніне 11 мыңнан 135 мың адамға дейін, - деді Денсаулық сақтау министрі үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, вакциналауға барлығы 11 мың медициналық қызметкер, мыңнан астам стационарлық вакциналау пункті және 400 мобильді пункт қатысады. Егу пункттері екі ауысымда сағат 24:00-ге дейін және демалыс күндері жұмыс істейді.
Қазақстанда вакциналау науқаны басталғалы бері 1,8 млн доза вакцина қолданылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық