Жылына 2 млрд бөлінетін академия түлектерінің жемқорлыққа қатысы туралы зерттеу жүргізбеген
Мемлекеттік басқару академиясының ғимараты. Фото: ашық дереккөз
ҚР президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жылына кемі 2 млрд теңге бөлінеді. Мемқызметкерлерді даярлайтын оқу орнының түлектерінің сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар-жоғына байланысты ақпарат жиналмайды.
Бұл жөнінде жұмада ОртКомда өткен брифингте Orda тілшісіне академия ректоры Ерлан Әбіл хабарлады.
– Жылына 120 магистрант пен 12 докторантқа мемлекеттік тапсырыс беріледі. Бір гранттың бағасы шамамен 4 млн теңге болады.Академияның бюджеті ашық. Мемқызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау баяғдарламаларына жылына 1,5 млрд теңге бөлінеді. Әр облыс орталығы мен мегаполистерде филиалдары бар. Қысқа мерзімді курстардан жылына 20 мың қызметкер өтеді, – деді ректор Әбіл.
Академияның баспасөз хатшысы Гүлнәра Жолжанова корроспондентке берген жауабында 1,5 млрд қаржының біліктілікті арттыруға бағытталады, ал 132 грант мемлекеттік тапсырыс аясында бөлек қаржыландырылады деді.

Оқу орны басшысының сөзінше, 2015 жылдан бері магистратура мен докторантура бойынша мыңға тарта маман даярланған. Шамалап айтқанда, қазір 980 адам мемлекеттік аппаратта жұмыс істейді. «Мемлекеттік қызмет заңына сәйкес, оқу бітірген түлек 3 жыл міндетті түрде өз саласында жұмыс істеуі керек. Алғашқы бір жылын оқуға жолдаған жұмыс орнында. Егер белгіленген мерзімді толық өтемей шартты бұзса, онда сот арқылы оқу ақысы қайта өндіріледі» деген ректор қызметкерлердің мансап жолындағы жетістіктері – академия жұмысының көрсеткіші дегенмен келіседі.
Оқу ақысының өтемі ретінде міндеттелетін үш жылғы еңбек өтілі кезінде, яғни оқу бітіргеннен кейін бастапқы үш я бес жыл бойы түлек-маманның коррупцияға ұрынған-ұрынбағаны жөнінде зерттеу жүргізілмейтінін академия басшысы ашып айтты. Бар саласын жемқорлық жайлаған Қазақстанның мемқызметшілер дайындайтын негізгі-президенттік оқу орнының бұл мәселені осы уақытқа дейін неліктен қолға алмағаны белгісіз.
– Түлектің оқу бітіргеннен кейінгі алғашқы бес жылда сыбайлас жемқорлыққа барғаны я бармағаны жөнінде мониторинг-зерттеу жүргізгеніміз жоқ. Бірақ жүргізуге дайынбыз. Оған жасыратын себеп жоқ, ашық түрде жұмыс істеуге дайынбыз. Біздің мақсатымыз – мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби дағдысын ғана арттырып қоймай, жеке құзірет-қасиеттерін: адалдық, біреудің ала жібін аттамау, халықпен тығыз жұмыс жасауға баулу, – деді Ерлан Әбіл алдағы уақытқа ниетті екенін жеткізіп.
Ашық дереккөздердегі мәліметтерге қарағанда, мемлекет меншігіндегі академия 2015 жылдан бері тек салықтың өзіне 1 млрд 268 млрд теңге төлеген. Академияның жалғыз құрылтайшысы – Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті. Академия түрлі бағыттағы он шақты лицензия негізінде жұмыс істейді. Академия осы уақыт аралығында кемі 4,5 млрд теңге көлемінде мемлекеттік тапсырысқа келісімшарт жасасқан.
Оқу орнының сайты өзін «Мемлекеттік басқару академиясы – мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ерекше мәртебеге ие жоғары оқу орны» ретінде сипаттайды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық