«Жат ағымдағы өгей әке»: Қарағандыда 15 жастағы қызға үйленген ер адам сотталады
Фото: Envato
Қарағандыда 15 жастағы қаршадай қызды қалыңдық қылып алған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қарағанды сотында 15 жастағы қызын тұрмысқа берген ата-ананың ісі қаралып жатыр. Қалыңдық 38 жастағы ер адамға өз қалауынсыз тұрмысқа шыққан.Оны ажырасып, қайта тұрмыс құрған анасы мен өгей әкесі тұрмысқа берген. Алайда қыз ұзатылған соң 5 күн өткен соң туған әкесіне қашып барған. Әкесі полицияға барып, бұрынғы әйелі мен оның күйеуінің үстінен арыз жазды.
Ал білім бөлімі қыздың анасын ата-ана құқығынан айыруды талап етіп отыр.
Қыздың туған әкесі қыздан бөлек бұрынғы әйелінің қолында қалған барлық балаларын да өз қолына алғысы келеді. Ал әйелдің екінші отбасынан тағы 2 баласы бары белгілі болды. 15 жастағы қызға үйленген ер адам Астанаға қашып бара жатқан жерінен ұсталды. Ол қазір тергеу абақтысына қамалған.
Қыздың өгей әкесі, анасы және «күйеу жігіт» жат діни ағымның өкілдері болып шықты. Олар өздері ұстанатын діннің тәртібімен жас қызды тұрмысқа бердік деп отыр.
Айта кетейік, жақында ғана Оңтүстік Корея азаматына тұрмысқа шыққан қазақстандық көз жұмған еді.
Жаңалықтар
- 3 сәуірде Астана уақытымен 21 сағат 13 минутта жер сілкінісі тіркелді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
- 200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты
- Жамбыл облысында сарбаздың қазасына қатысты командирді тергеу аяқталды
- Трамп Макронның әйелімен қарым-қатынасы туралы әзілдеймін деп сынның астында қалды
- Ғашықтар туралы қазақстандық үздік 5 фильм