Жанболат Мамай несиелік амнистияның не үшін қажет екенін айтты

Күні кеше 8 адам елордадағы Ұлттық банкке кредиттік амнистия сұрап барды. Оның арты еш жақсылыққа апармады, белсенділерді полиция бөліміне алып кетті.
Orda.kz тілшісі 100 мың қазақстандықтың атынан банк алдына жиналған белсенділер кім екенін және олардың қиындықтары туралы Қазақстанда тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамайдан сұрап білді.
– Былтыр тамыз айында билікке 100 мың қазақстандық қол қойған өтінішті жібергенбіз. Күні бүгінге дейін еш жауап жоқ. Әйгерім Тілеужан сияқты белсенді азаматшаның бастамасымен осындай қиындықтарға тап болған 10 шақты адам Ұлттық банктің басшылығымен кездесуге Нұр-Сұлтанға барды. Олар кешкі 18:00-ге дейін басшылықты күтті. Бірақ оларға жауап берудің орнына оларды Есіл аудандық ішкі істер бөліміне әкетті. Оларды ешқандай сотсыз 2 күн ұстап отыр. Орысша айтқанда «заложник» болып отыр. Олар тек халықтың мұң мұқтажын билікке жеткізбекші болды, - дейді Қазақстанда тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай.
Еске салсақ, 12 қазан Аружан Дүйсебаева мен Әйгерім Тілеужанды ұсақ бұзақылық жасады деп, Есіл аудандық ІІБ алып кеткен. Оларға әлі сот үкімі шықпады. 12 қазан күні Ұлттық банк алдында несиелік амнистия сұраған 6 әйел босатылды. Оның төртеуіне 5 АЕК (14 585 теңге) айыппұл салынды.
Жанболат Мамайдың айтуынша, төлем қабілеттілігі төмен халық 300 мың теңге көлемінде несие алған. Көбіне азық-түлік пен қажетті техникалар алған.
– Статистикаға сүйенсек, былтыр пандемия кезінде ата-аналар техниканы несиеге алуға мәжбүр болған. Ешкім ешқандай дүние бермеген. Берсе де ол тек бір бөлігіне жеткен. Алған техникалары Қыйтайдың ең арзан компьютерлері мен планшеттері. Тіпті көбі іске алғысыз. Амалсыздан халық техниканы несиеге алуға мәжбүр болды, - деді Мамай халықтың жағдайын түсіндіріп.
Ол сондай-ақ «соңғы кездері адамдар азық-түлікті де қарызға ала бастағандары» туралы айтты.
– Қазақстандықтар жалақыларының 50 пайызын тамаққа жұмсайды, ал дамыған елдерде ол көрсеткіш небәрі 3 пайызға жетеді. Бұл ненің белгісі? Халықтың әл-ауқаты төмен, жалақылары аз, қымбатшылық гүлдеп тұр. Сондықтан халықтың тамақты несиеге алуы бұрындағыдай таңғалдырмайды. Үйреншікті жағдайға айналып бара жатыр, - дейді Қазақстанда тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі.
Неге мемлекет адамдарға несиелік амнистия беруі керек?
Мамай Orda.kz тілшісінің «неге мемлекет адамдарға несиелік амнистия беруі керек?» деген сауалына былай деп жауап берді:
– Неге үкімет тек жеке банктерге қолдау көрсетеді? Бізде 2 млн астам адам кедейшілік шегінде жүр. Олардың жағдайы ешкімді қызықтырмайды. 10 жылда мемлекет 5-6 банкке 20 млрд теңге қолдау көрсетті Былтыр ғана Жусан банк АТФ банкпен біріккенде мемлекет оларға 500 млн доллар көмек көрсетті. Неге сол көмекті қарапайым халыққа көрсетпейді? Адамдар несиесін жауып жүрген ақшасына өзіне қажетті дүниелерді алса, экономикаға да ол оң әсер етеді.
Оның айтуынша, халықтың жағдайы пандемия кезінде біраз нашарлаған.
– Пандемия басталғанда үкімет халыққа азық-түлік себеттерін таратты. 1-2 рет қана. Ал адамдар тамақты күнде ішеді. 42 500 теңге көлемінде жәрдемақы берді. 3-4 баласы бар отбасылар оған ары кетсе 1 апта ғана азық-түлік алады. Сонда қалған 3 аптасында қалай күн көреді? – деді Жанболат Мамай.
Ол белсенді азаматшалар өз қаражаттарынан пойызға билет алып, халықтың мұңын билікке жеткізу үшін Нұр-Сұлтанға барғанын айтып, сөзін қорытындылады.
Несиелік амнистия - адамдардың белгісіз бір тобының қарызын мемлекет басшысының немесе өкіметтің жоғары өкілетті органының шешімімен кешіру.
Бұған дейін Қазақстанда 2019-2020 жылдары жеке тұлғаларға бір реттік несиелік рақымшылық жасалған. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі билік алдағы уақытта рақымшылық жарияламайтыны туралы айтқан.
Жаңалықтар
- Тимур мен Динара Құлыбаевтар тағы да акционерлерге дивиденд төлемейді
- Семейде оқушыны соққыға жыққан жасөспірімдердің аналары ата-ана құқығынан айырылады
- Таразда мектеп оқушысын зорлаған жасөспірімдерге үкім шықты
- Оқушысын зорлаған әскери дайындық пәнінің мұғалімі апелляциялық шағым түсірді
- «Әкең қазақ болса ғана қазақсың»: Қазақстанда қазақ екеніңді қалай дәлелдеуге болады?
- Қазақстандықтардың жеке деректері желіге тарады: 16 миллион адамның ЖСН мен телефоны жария болды
- Тоқаевты балағаттаған блогерге үкім шықты
- Кәрім Мәсімовтің зәулім сарайын Астана меншікке қабылдамайтын болды
- 2 жасар бала күнбағыс дәнегіне тұншығып көз жұмды
- Иран мен Израильде 351 қазақстандық бар – СІМ
- Тоқаев Қытай басшысын әуежайдан өзі қарсы алды
- Қазақстандық әуе компаниялар қақтығыс жүріп жатқан аймақта ұшып жатыр
- ІІМ Санжар Боқаевты экстремистер тізіміне қосты
- АЭС-тің жыры: Апат болса, жауапкершілікті кім мойнына алады?
- «Миы шайқалды»: Таразда әскерге шақырылған жігіт көлікке басын ұрып, қарсылық көрсетті
- «Көлігінің кілтін қалдырды»: Мұқағалидың ұлы ақынды балағаттаған блогерді кешірді
- Қазақстанға келе жатқан Қытай төрағасы нені көздеді?
- «Хуторлықтар ұрды»: Қаржаубай Нұрымовтың ауруханаға түскені туралы ақпарат тарады
- Басшысының саусағын балтамен шауып тастаған күдікті бостандықта жүр
- Алматы облысында қоғам белсендісі алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды