Жамбыл облысында дәрігерлердің салғырттығынан 6 жастағы бала ажал құшты
Фото: wabe.org
Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 6 жастағы Әли Еламанұлы көз жұмды. Туыстары баланың өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр. Олар Денсаулық сақтау министрлігі мен Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде марқұм баланың туыстары бейнежазба жариялады. Олар дәрігерлердің салғырттығынан 2019 жылы туған баладан айырылып қалғанын, ал 2 жыл бұрын осы ауруханада баланың анасы көз жұмғанын мәлімдеді.
Бүлдіршін 29 қыркүйектен бастап ауырған екен. Учаскелік дәрігер ешқандай көмек көрсетпей, үйіне қайтарып жіберген. Бірақ баланың беті бері қарамай 7 қазанда ауданның орталық ауруханасына жатқызылған. Бірақ алғашқы күндері ауруханада да ешқандай ем-дом шаралары жасалмаған. Дәрігерлер дұрыс қарамаған. Баланың туыстары ауырсыну басылмаған соң, балаға тек «Креон» дәрісін бергенін айтты. Бүлдіршін 10 қазанда көз жұмды.
Бейне авторы баланың бір апта бойы қиналғанын айтып жылады.
«Баламызды сот-медициналық экспертизаға алып кеткелі жатыр. Ешқандай дәрі бермеген. Бір апта бойы қиналған. Тек қана Креон берген. Бәрін жасырып отыр. Диагнозын айтпайды, ауру тарихын бермейді», — дейді автор.
Жамбыл облысы полиция департаменті «Кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі» бойынша Т. Рысқұлов ауданының орталық ауруханасына тергеу жұмыстарын бастады.
Айта кетейік, Шымкентте де дәрігерлердің немқұрайлығынан 28 жастағы келіншек босанғаннан кейін көз жұмды.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды