Зейнетақы қаражатын заңсыз шығарған: Қазақстанда 143 стоматологиялық емхана жабылды
Фото: freepik.com
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жеке медициналық ұйымдарды жаппай тексерді, деп хабарлайды Orda.kz.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша Қазақстанда 400-ге жуық денсаулық сақтау субъектісі қызметін тоқтақан.
«Тексеру барысында 500-ден астам әкімшілік жаза қолданылды, салынған айыппұлдардың 70 млн теңгеден асты», деп хабарлады ведомство.
Тексеріс әсіресе жеке емдеу бөлмелеріне, наркологиялық оңалту орталықтарына және стоматологиялық клиникаларға жүргізілген. Стоматологиялық клиникаларға қатысты жалпы 313 нысан тексерілген. Нәтижесінде 143 клиника өз еркімен жұмысын тоқтатқан.
Тексерістерге зейнетақы жинақтарынан ондаған миллиард теңгенің шығарылуына байланысты жанжал түрткі болған. Былтырғы 9 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов мемлекет басшысына зейнетақы жинақтарын заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысты резонанс тудырған деректер туралы баяндады.
Агенттік стоматологиялық қызметтерге төлем жасалды деген желеумен БЖЗҚ-дан 200 миллиард теңгенің негізсіз алынғанын анықтады. Қаражат көлеңкелі схемалар арқылы шығарылған.
Оқи отырыңыз:
- Медициналық колледждерге түсу ережесі өзгерді
- Қазақстандықтар енді пластикалық ота жасату үшін зейнетақы жинағынан ақша ала алмайды
Жаңалықтар
- Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
- «Жер сағаты» акциясы: Қазақстан бір сағатқа жарықты сөндіреді
- Алматы құрылыс бақылау басқармасы заңсыз лицензия таратқан: қылмыстық схема әшкере болды
- БАҚ: Украина әскери қимылдарға арналған қаражат тапшылығына ұшырады
- «Халық заңгері»: дипфейктер Қаржылық мониторинг агенттігіне де қол салды
- Түркістан облысында сталкинг бойынша алты іс сотқа жолданды
- Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді
- Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатыр
- Ақтөбеде мемлекетке 672 миллион теңге шығын келтірген екі депутат пен шенеунік сотталды
- Марко Рубио: Зеленскийдің АҚШ кепілдік үшін аумақ сұрады деген сөзі жалған
- Ақмола облысында әскерден жалтаруға «қажетті диагноз» қоятын қызметкер ұсталды
- Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетпекші болған қылмыстық топ құрықталды
- Түркістан облысында жоғалған сегіз жасар бала төртінші күн табылар емес
- Қарағандыда әйел мен оның қызын өлтірді деген күдікті өлі табылды
- Бишімбаев ісін қараған судья Сәния Әлімжанованың өлімі бойынша сот үкімін шығармай, тергеуді қайта бастады
- Өзен тасыды: Қазақстан Ресеймен шекарадағы өткізу бекетін уақытша жапты
- Алматыдағы резонанс: жол апатынан кейін қай шенділер қызметінен кетті?
- Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында қақтығыстар қайта басталды
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
- Шавкат Рахмоновтың әйелі 5 жылға сотталды: Жазаны өтеу кейінге қалды