Үкімет инфляциямен күрес шараларын талқылады: салық бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруға уәде берді
Фото: primeminister.kz
Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен экономика дамуының өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов экономикалық блоктың сарапшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында экономиканы дамыту мәселелері, экономиканың басым салалары, сондай-ақ сыртқы тәуекелдер сөз болды.
Кездесуді аша отырып, Үкімет басшысы негізгі басымдық – тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету және халықтың нақты әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті. Олжас Бектенов жұмыс тәсілдерін жан-жақты талқылау, сараптамалық пікірлер мен ұсыныс мақсатында мұндай кездесулердің маңыздылығына тоқталды.
Еске салсақ, Halyk Finance сарапшылары экономиканың әлсіз тұстарын атаған болатын. Сарапшы еліміз шикізатқа тәуелділік және технологиялық дамудың төмендігіна назар аударған еді.
Кездесу барысында сарапшылар қауымдастығының өкілдері экономикалық өсудің негізгі мәселелері мен бағыттарына қатысты өз бағаларын ұсынды. Сонымен қатар, жаһандық үдерістер мен әлемдік экономикалық ахуалдың әсерін ескере отырып, ұлттық экономиканың даму қарқынына қатысты болжамдарымен бөлісті. Салалық жаңғыртудың басым бағыттары, нарықтың өзекті сұраныстары және олармен байланысты технологиялық бастамаларды үйлестіру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Инфляциямен күресу шаралары, отандық өндірісті ұлғайту, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, жасанды интеллектті дамыту үшін электр энергиясын өндіру, инвестиция тарту мәселелері талқыланды.
Салық реформасын талқылау барысында өтпелі кезеңнің маңыздылығы атап өтілді. Үкіметтің шешіміне сәйкес, қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша тіркеу шегінен асқан салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Негізгі қарыз сомасы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтелген жағдайда, салықтар бойынша есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Үкімет пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтіп, жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.
Кездесудің негізгі практикалық шешімі ретінде екі мәселені атап айтуға болады. Оны біріншісі - егер салық төлеуші қарыздың негізгі сомасын 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өтесе, салықтар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады. Сондай-ақ үкімет ҚҚС бойынша өтпелі кезеңді растады, есепке қою шегінен асып кеткен компаниялар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтын болды.
Еске салсақ, 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ өсімі 6,3 % болды. 11 өңірде оң динамика байқалса, Абай, Ұлытау және Атырау облыстары артта қалды. Осыған байланысты Бектенов өңірді дамыту бойынша артта қалған Абай облысының әкімі Берік Уәлиге талап қойған болатын.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- «Құпия қоңырау»: Премьер-министр Бектенов үкімет отырысы кезінде аяқ астынан шығып кетті
- Үкімет Арқалықты құтқару үшін 250 млн теңге бөлді
- Тоқаев үкімет отырысында әкімдерді енді қалай бағалайтынын айтты
- Үкімет ұсынған ҚҚС мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев
Жаңалықтар
- АҚШ өз азаматтарын шұғыл түрде Венесуэладан кетуге үндеп жатыр
- Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі облысында қозғалыс шектелді
- Жексенбі күні Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды
- Ирандағы қантөгіс: Жүздеген адам қаза тапты, жаппай тұтқындаулар мен өртке оранған мешіттер
- Ғасырда бір болатын құбылыс: 22 қаңтарда жер тұрғындары ғаламшарлар шеруін тамашалайды
- Әлеуметтік желіде желдей ескен «несиені кешіре салатын» ақпарат жалған
- Түркістандағы халықаралық әуежай инвесторға берілетін болды ма?
- Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстанның қысқы чемпионаты басталды
- Үкімет инфляциямен күрес шараларын талқылады: салық бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығаруға уәде берді
- Ақмола облысында өртеніп жатқан пәтерден адам құтқарылды
- Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері тағайындалды
- Иранда наразы халық Солтүстік Хорасан прокурорын тірідей өртеп жіберді
- Келесі кезекте — Мексика: Трамп есірткі картельдеріне қарсы күш қолдану операциясы туралы айтты
- Прокурор оларды террористке теңеді: Ирандағы тәртіпсіздікке қатысқандарға өлім жазасы қаупі төніп тұр
- Трамптың кесірінен: Франция НАТО-дан шығу мәселесін қарастыра бастады
- Қаңтардағы ҰБТ басталды: талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде тапсырады
- Ирандағы наразылықтың мақсаты монархты қайтару емес
- Былтыр 300-ге жуық қылмыстық топ басшылары мен мүшелері сотталды
- Вашингтон Каракасты бақылайды: АҚШ мемлекеттік департаментінің делегациясы Венесуэлаға келді
- Камера алдындағы қанды қылмыс: Екібастұзда ер адам пышақ жарақатынан қайтыс болды, әйел ауруханада