Үйге қамап, қонаққа кеткен: СҚО-да өрттен қаза тапқан қыздың анасы қамауға алынды
Фото: Pixabay.com
СҚО-да өрттен қаза тапқан қыздың 33 жастағы анасы баласын қауіпті жағдайда қалдырды деген күдікке ілінді. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Orda.kz.
«Қыз баланың анасы қамауға алынды. Заңға сәйкес, оған үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр», деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Еске салайық, қайғылы оқиға 18 қаңтар күні кешке Ольшанка ауылында болған. Жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Сол сәтте үйдің ішінде бес жасар қыз бала болған. Тергеу деректеріне сәйкес, әйел баласын үйде жалғыз қалдырып, қонаққа кеткен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде үйді түгелдей от шарпыған, ал шатыр опырылып түскен. Қыз баланың мәйіті үйінді астынан табылды. Өкінішке қарай, оны құтқару мүмкін болмады. Қазіргі уақытта тергеушілер өрттің шығу себептері мен қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Павлодар облысының Ертіс ауылында төрт баласы бар үйдің өртенгені туралы жазған едік. 2018 және 2021 жылдары туған екі сәби ауруханада көз жұмды, үшінші бала жансақтау бөлімінде жатыр. Ал бір бала өздігінен сыртқа шығып үлгерген. Қайғылы оқиға кезінде анасы жұмыста болған.
Еске салсақ, былтыр да Солтүстік Қазақстан облысының Ступинка ауылында жеке үй өртеніп, үш бала мен екі ересек адам қаза тапқан болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады