Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: freepik.com
Қазақстан Ұлттық Банкі банк карталарын бұғаттайтын телефон-алаяқтардың жиілеп кеткенін ескертті, деп хабарлайды Orda.kz.
Алаяқтар ашық дереккөздерден адамдардың жеке деректерін алып қаржы ұйымдарының байланыс орталығына «клиент» атынан жүгінеді. Олар банк қызметкеріне банк картасының жоғалғанын айтады. Жалған хабардан соң жәбірленушінің төлем картасы бұғатталады.
Кейін алаяқтар азаматтардың өзіне банктің немесе құқық қорғау органы қауіпсіздік қызметі өкілі ретінде хабарласады. Сөйтіп «картаны бұғаттан шығарамыз» деп SMS-код, интернет-банкингке арналған пароль, болмаса, CVV/CVC-код секілді деректерді алуға тырысады.
Ұлттық банк төлем картасы бұғатталған жағдайда банктің ресми колл-орталығына хабарласу керегін ескертті.
«Есіңізде болсын, қаржы ұйымдары қызметкерлері SMS-хабарламада көрсетілген пароль мен кодты ешқашан сұрамайды және мобильді құрылғыны қашықтан басқаратын қосымшаларды орнатуды талап етпейді», деп хабарлады Ұлттық банк.
Сондай-ақ, банкомат маңын торуылдап жүретін алаяқтардан да сақ болуға шақырды.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев: Бюджет қаражатын игере алмай отырсыздар
- Қаржы министрлігі: Алматыдағы ЖШС басшысының жалақысы 131,5 млн теңге
- Қазақстандықтарға қаржы пирамидалары шамамен 20 млрд теңге шығын келтірді
Жаңалықтар
- Ақша берді ме? Қостанайлық полицейдің әрекеті видеоға түсіп қалған
- 4 баласы бар: Пашинян азаматтық некедегі әйелімен ажырасты
- Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
- Түркістан облысында қауіпті темекі түрін дайындап сатқан 3 цехтың жұмысы тоқтады
- АҚШ-та мектептегі хоккей матчында атыс болды: Үш адам оққа ұшты
- Түркістан облысында 4 жасар балақай 5-сынып бағдарламасын меңгерген
- Burger King желісіндегі дау: Басшылардың бірі уақытша шеттетілді
- СҚО-да ер адам танысының қолынан қаза тапты
- Тоқаев Си Цзиньпинді жаңа жыл мерекесімен құттықтады
- Екі құрбысы ажал құшқан жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі кінәсін мойындамай отыр
- «Қайта ұсталды»: Теміртауда полицейлер күдіктіден көз жазып қалған
- Burger King жанжалы: Шетелден келген басшы инклюзив жігітті қудалап жатыр ма?
- Бадам өзенінен тас ұрлағандарға қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды
- Тоқаев Литва президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
- Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 турнирі жеңімпаздарын марапаттады
- Алматыда ерекше балаларды оқытатын тағы бір мектеп жұмысын тоқтатуға мәжбүр
- Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша Олимпиада ойындарының ширек финалына жолдама алды
- Ресей президенті Қазақстанға мамырда келеді
- «Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке өтті: Шымкенттік клубты кім сатып алды?
- Масамен күреске 13,6 млрд теңге: Әкімдік қыруар қаражаттың себебін түсіндірді