Ұлтаралық алауыздықты қоздырған «Северный Казах» бас бостандығынан айырылды
Фото: әлеуметтік желіден
Әлеуметтік желіде «Северный Казах» деген лақап атпен танымал болған блогер Аслан Төлегенов ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны және көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл ақпаратты Kozachkov offside Telegram-арнасы таратты. Атышулы іс бойынша сот отырысы жабық түрде өткен. Ақмола облысының Көкшетау қалалық соты ресми түсініктеме берді. Соттың мәліметі бойынша, айыпталушы Youtube-та өз арнасының авторы және әкімшісі бола отырып, ұлттық алауыздықты қозғауға бағытталған бейнероликтерді жариялаған.Сонымен қатар, ол жалған ақпарат таратқан.
Сотта Аслан Төлегенов кінәні толық мойындады.
«Іс қысқартылған тәртіппен қаралды. Сотта сараптама қорытындылары, ұялы телефон, интернет-сайттағы бейнежазбалар тексеріліп, дәлелденді», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.
Сот үкімімен блогер 3 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары осы жолы да аукционда сатылмады.
Жаңалықтар
- «Кеше сүндет той, бүгін жаназа»: Алғабаста 12 адамды жалмаған өрттен аман қалуға мүмкіндік болды ма?
- «Қолын байлап кетіп қалған»: Қарағандыда бір әйел 4 жастағы ұлын азаптады
- Алғабаста өрттен қайтыс болған отбасы жайлы не белгілі?
- Ұлтаралық алауыздықты қоздырған «Северный Казах» бас бостандығынан айырылды
- «Өрт қауіпсіздігінің жақсарғанын көрмедік»: Бектенов Жетісайдағы трагедияға қатысты пікір білдірді
- Түркістанда 12 адамның өмірін жалмаған өрт: Аман қалған үш адамның бірі есін жиды
- Тоқаев Астанада қаза тапқан фельдшерді марапаттады
- Қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі, қажет болса зардап шеккендер Астанаға жеткізіледі — Бозымбаев
- Астанадағы үйдің құлаған қасбеті: Екінші фельдшер мен басқа да зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
- «Қайраттың» «Олимпиакос» және «Брюгге» командаларына қарсы матчтары Астанада өтеді
- Алғабастағы өрттің қалай басталғанын көршісі баяндап берді
- Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары осы жолы да аукционда сатылмады
- «Зиратта 15 қабір қазылды»: Алғабас ауылының тұрғындары қалған 3 адамның да қайтыс болғанын айтты
- Алғабастағы өрт: әкімдік пен полиция журналистерге кедергі келтіріп жатыр
- Атырауда 73 жастағы ер адам туысын пышақтады
- Атырауда депутаттың қатысы бар компания салған үйлер қирап жатыр
- Тағы да Талғар: 11-сынып оқушысы 14 жастағы жасөспірімге әлімжеттік көрсетемін деп өлтіріп алды
- Қырғызстанның бұрынғы президенті Атамбаев Жапаровты «елді құртты» деп айыптады
- Астанада үйдің қасбеті құлап, зардап шеккен фельдшер өмірден озды
- АҚШ-та Өзбекстан азаматы терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды