Украина, АҚШ және Ресей арасындағы Абу-Дабидегі келіссөздер кейінге қалды

cover

Украина президенті Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде Ресейдің Украинаға қарсы соғысын аяқтау мәселесіне арналған Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келіссөздердің кезекті раунды тағы да кейінге шегерілгенін хабарлады, деп жазады Orda.kz.

Зеленскийдің айтуынша, келесі келіссөздер бұрын күтілгендей 1 ақпанда емес, 4–5 ақпан күндері Абу-Дабиде өтетін болды.

«Украина мазмұнды әрі нәтижелі пікірталастарға дайын. Біз олардың қорытындысы соғыстың нақты әрі әділ аяқталуына жақындатқанын қалаймыз. Қолдау көрсетіп жатқан баршаға алғыс білдіремін» деп жазды Зеленский. 

Еске салайық, 23 қаңтарда Абу-Дабиде Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінен құралған қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үшжақты жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен болатын. Кездесуден кейін Зеленский тараптар «соғысты аяқтау жағдайын» талқылағанын мәлімдеді.

Айта кету керек, келіссөз жабық форматта, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтті. Дегенмен келіссөзден кейін BBC-дің орыс қызметі түрлі дереккөздерге сілтеме жасап, тараптардың нақты қандай мәселелерді талқылағаны жөнінде ақпарат таратты.

Бұдан бірнеше күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы бейбітшілік жөніндегі келісімге қол жеткізу ісі бойынша тараптар шешімге барынша жақындағанын айтқан болатын. Оның пікірінше, алда өтетін Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келіссөздердің табысты аяқталуына мүмкіндік бар.

Еске салсақ, Абу-Дабидегі  соңғы келіссөз Ресей, Украина және АҚШ өкілдері арасындағы кездесу шамамен үш сағатқа созылып, камерасыз әрі даулы мәлімдемесіз өтіп, ың-шыңсыз аяқталған болатын.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар