«ҰҚК қызметкерлері хабарласты»: Әнуар Нұрпейісовтің концерті тағы да өтпейтін болды
Фото: Жеке мұрағатынан
Блогер әрі стендап-әзілкеш Әнуар Нұрпейісов 23 мамыр күні Астанада өтуі тиіс болған жеке концертінің тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл оның ұзақ уақыт үзілістен кейін сахнаға оралып, өткізгелі отырған концерті еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Нұрпейісовтің айтуынша, ұйымдастырушылар концертке бір күн қалғанда хабарласып, жарықпен қамтамасыз ету жағынан қиындықтар туындағанын айтып, шараның өтпейтінін хабарлаған.
«Мен: «Онда шам жағып өткізейік» деп ұсыныс айттым. Бірақ маған: «Әнуар, сіз өзіңіз де түсініп тұрсыз, мәселе жарықта емес, сіздің ұстанымыңызда» деп жауап берді», — дейді әзілкеш.
Әртіс концертті басқа алаңда өткізуге тырысқанымен, бұл әрекеті де нәтижесіз болған. Оның сөзіне сенсек, екінші залдың иелеріне ҰҚК қызметкерлері хабарласып, концерттен бас тартуға кеңес берген.
Әнуар Нұрпейісов — 2019 жылы билікке жиі сын айтқан өнер иелерінің бірі. Сол кезден бастап ол Қазақстандағы медиа мен сахналық жобаларға өте сирек шыға бастады. Соңғы жылдары Шри-Ланкада тұрып жатқан Нұрпейісов бұған дейін де қысымға тап болған. Мысалы, 2024 жылдың желтоқсанында да Астанадағы концерті өтпей қалған еді.
Алайда әзілкештің саяси себептерге байланысты концерт өтпеді деген тұжырымына барлығы бірдей қосыла бермеді. Кейбір желі қолданушылары оның соңғы уақытта ел ішіндегі ахуал туралы ашық мәлімдеме жасамағанын алға тартып, концерттің тоқтатылуына басқа себептер болуы мүмкін екенін айтты.
Бұл жағдайға қатысты түсініктеме алу үшін Orda.kz редакциясы ұлттық қауіпсіздік комитетіне және Астана қаласы әкімдігіне ресми арнайы сауал жолдады. Алайда материал жарияланған сәтке дейін ешқандай жауап келмеді.
Айта кетейік, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу қарсаңында қарағандылық екі белсенді қамалғаны жайлы жазған едік.
Жаңалықтар
- Рефендум: Аккредиттелген халықаралық байқаушылармен бірқатар кездесу өтті
- Әлеуметтік желіде танылған «Атыраулық хакер» Түркияда ұсталды
- Қара теңізде мұнай тиеу үшін келе жатқан қазақстандық танкерге шабуыл жасалды
- Ирак АҚШ әскери басшылары туралы ақпарат бергендерге 115 мың доллар төлейді
- Алматыдағы Абай атындағы алғашқы ұлттық мектепке құжат қабылдау басталды
- «Асар Астана» іздестіру-құтқару жасағының басшысы танысымен жас жігітті зорлады деген күдікке ілінді
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті