ТЖМ Қазақстанның бірнеше өңірінің тұрғындарына ескерту жасады

cover Фото: ТЖМ

Тұрақсыз ауа райы мен тау бөктерлеріндегі қардың еруіне байланысты еліміздің бірқатар облыстарында, соның ішінде Алматы қаласында да өздігінен қар көшкіні жүру қаупі сақталып отыр, деп хабарлайды Orda.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, «Қазселденқорғау» мамандары көшкін қаупі бар учаскелерді бақылауды күшейтті. Осыған орай 378 жерүсті тексеру жүргізіліп, 110 ескерту белгісі орнатылған.

«Тұрақсыз ауа райы мен қардың жиналуына байланысты қар көшкіні қаупі бар. Көшкін қаупі басталғалы бері жалпы көлемі 175 мың шаршы метрден асатын 66 көшкін тіркелді. Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 99 профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді. Көшкін қаупі Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жетісу облысы, Жамбыл облысы және Түркістан облысының таулы аймақтарында сақталып отыр» деп жазылған хабарламада. 

ТЖМ көшкін қаупі кезеңінде тауға бармауға және қар басқан беткейлерге шықпауға кеңес береді. Бұған дейін Алматының таулы аймақтарында блокбекеттер орнатылғаны туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеген болатын.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар