Түркістан облысында жалған айғақ беруге азғырған адвокат сотталды

cover Фото: Ашық дереккөзден

Түркістан облысының Сарыағаш аудандық соты адвокат пен бір азаматшаны сотта қасақана жалған айғақ бергені үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Orda.kz.      

Бас прокуратураның баспасөз қызметі оларға тиісінше бес жылға және алты жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалғанын мәлімдеді.

«Түркістан облысының Сарыағаш аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 420-бабының 2-бөлігі (сотта көрінеу жалған айғақ беру) бойынша адвокатқа қатысты үкім шығарылды. 2026 жылғы 18 ақпандағы сот үкімімен адвокат пен азаматша кінәлі деп танылып, оларға тиісінше бес жыл және алты жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды» деп жазылған хабарламада. 

Бас прокуратураның мәліметінше, бұған дейін зорлау ісі бойынша жәбірленуші сот талқылауы барысында күдіктіні қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тырысып, бұрын берген шынайы айғақтарынан бас тартып, әдейі жалған мәліметтер ұсынған.

Осыған байланысты оған қатысты Қылмыстық кодекстің 420-бабының 2-бөлігі бойынша арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Тергеу барысында оны жалған айғақ беруге адвокаттың итермелегені анықталған.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар