Түркістан облысында мектеп оқушылары төбелес шығарды
Түркістан облысындағы қақтығыс жаппай төбелеске ұласты. Келес ауданында жан түршігерлік оқиға болды.
Төбелес болған жердегі видео әлеуметтік желіге әп-сәтте тарап кетті.
Кадрда бірнеше мектеп оқушыларының бірін-бірі аяусыз ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Кейбірі оларды ажыратуға тырысады. Осы кезде төбелеске қатысушылардың бірі қарсыласының бетінен тепкілейді. Қатты соққыдан кейін ол жерге құлап түседі. Оған жақын маңдағы оқушы қыздар көмектеспекші болды.
Төбелес туралы полиция жауап берді. Келес аудандық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі оқиға туралы куәгерлер жеткізгенін хабарлады. Анықталғандай, Келес ауданындағы мектептердің бірінде жоғары сыныптың екі оқушысы арасында ауызша жанжал шыққан. Олардың бірі жақын маңдағы мектепте оқитын жоғары сынып оқушысының танысына телефон соғып, оқушыны соққыға жыққан. Зардап шеккен 11-сынып оқушысы жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
«Ағымдағы жылдың 21 қыркүйегінде Келес аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 11-сынып оқушыларының төбелесіп жатқанын айтты. Оқиға орнына Түркістан облыстық полиция департаменті мен аудандық ішкі істер бөлімінің басшылығы дереу аттанды. Аталған факті «Бұзақылық» бабы бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұған дейін Түркістан облысы ІІД бастығының тапсырмасымен 17 аудандық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері, әкімдіктер мен мектеп ұжымдары кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шаралар жүргізген болатын. Ата-аналардың қатысуымен арнайы жиын ұйымдастырылды» деп хабарлады Келес аудандық полиция баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
- Тоқаев Моңғолия президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
- БҚО-да тойға келгендер полиция бөлімінен бір-ақ шықты
- Алматыдағы Розыбакиев көшесіне Шаханов есімін беру ұсынылды
- 2027 жылы ҰБТ-ға балама тест болады
- Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды
- Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
- Қазақстандағы екінші АЭС Мойынқұм деп аталады
- АҚШ пен Иран арасындағы кезекті келіссөз қашан өтеді?
- Ерболат Досаев тағы бір қызметінен айырылды
- Мексикадағы пирамида маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты
- Иран билігі АҚШ-пен келісімге келу үшін делегация жіберді
- Тим Кук Apple компаниясының бас директоры қызметінен кетеді
- Мұхтар Шаханов қайда жерленетіні белгілі болды
- Залал 2 млрд теңге: Петропавлда көлік өтпежолын салуға бөлінген бюджет қаржысы жымқырылған
- Қазақтың біртуар өршіл ақыны Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
- Астанада төрт тонна қауіпті сұйықтық құйылған 200 канистр табылды
- Ақсу қаласында зауытта жұмысшы қаза тапты
- Меркеде шенеуніктер жетім студенттердің ақысын жеген
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді