Трамп барлық елдерге баж салығын 15 %-ға дейін көтеретінін мәлімдеді

cover Фото: ANADOLU VIA GETTY IMAGES

Трамп жуырда қабылданған АҚШ Жоғарғы соты шешімін, яғни жаһандық баж салығының басым бөлігін жою туралы қаулы «абсурд, дұрыс жазылмаған және аса антиамерикалық» екенін айтып, шешіммен келіспейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz. 

«Мен, АҚШ президенті ретінде, ондаған жылдар бойы (мен қызметке келгенге дейін!) еш салдарсыз АҚШ-ты «теспей сорған» көптеген елдерге қатысты бүкіл әлем бойынша қолданыста болған 10 пайыздық тарифті ең жоғары, заң жүзінде тексерілген 15 пайыздық деңгейге дейін көтеремін» деп жазды АҚШ президенті TruthSocial әлеуметтік желісінде. 

Оның айтуынша, бұл шешім «дереу күшіне енеді». Ал алдағы айларда оның әкімшілігі «заңға сай жаңа тарифтерді айқындап, енгізеді».

Еске салайық, АҚШ Жоғарғы соты Трамп енгізген сауда тарифтерінің бір бөлігін заңсыз деп танығаннан  кейін, Дональд Трамп барлық елдер үшін 10 пайыздық баж салығын енгізген болатын.

Оқи отырыңыз:


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар