Трамп: АҚШ Венесуэладан 50 млн баррель мұнай алып үлгерді, енді елдің жағдайы «керемет» болады
Бейнеден кадр (Ақ үй инстаграмы)
АҚШ президенті Дональд Трамп Давос форумында Вашингтон Венесуэладан 50 миллион баррель мұнай алып қойғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, осы операциялардан түсетін табыс Венесуэлаға көмектеседі және алдағы алты айда елдің жағдайы «керемет» болмақ, деп хабарлайды Orda.kz.
«Біз осы 50 миллион баррельді бөлісетін боламыз, және олар (Венесуэла) ұзақ уақыттан бері болмаған көлемде табыс табады», — деді Трамп.
Ол елдің мұнайынан түскен табыспен бөлісетінін баса айтты. Бұған дейін АҚШ басшысы Венесуэланың энергетика секторын қалпына келтіруге кемінде 100 млрд доллар инвестиция салу жоспары бар екенін айтқан болатын.
Трамптың айтуынша, Венесуэла 20 жыл бұрын «таңғажайып жер» және «ұлы ел» болған, бірақ кейін олардың саясаты «нашарлап», енді елде мәселе туындаған. Ол АҚШ республикаға көмектесетінін айтты.
Америка президенті Венесуэланың алдағы алты айда соңғы 20 жылдағыдан көп ақша табатынын мәлімдеді. Ол сондай-ақ Вашингтон Каракас тарапынан ынтымақтастықты бағалайтынын атап өтті. Трамптың айтуынша, АҚШ операциясы аяқталғаннан кейін 3 қаңтарда Венесуэла американдық тарапқа мәміле жасасуды ұсынды.
Еске салсақ, 3 қаңтарға қараған түні АҚШ Каракасқа шабуыл жасап, Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның әйелі Силия Флоресті ұстап, елден алып кетті. Ерлі-зайыптылар АҚШ-та сотқа тартылады, оларға «есірткі терроризмі», қару сақтау және есірткі контрабандасы бойынша айып тағылды. Мадуро айыптауды жоққа шығарды. Іс бойынша отырыс 17 наурызда өтеді.
Трамп Венесуэланың мұнай ресурстарын тартуға ниетті екенін, сондай-ақ америкалық компаниялардың елдің энергетикалық секторын қалпына келтіруге кемінде $100 млрд инвестиция салу жоспары туралы мәлімдеді. The Wall Street Journal дереккөздерінің мәліметінше, АҚШ мұнай бағасын барреліне $50 дейін төмендетуге мүмкіндік беретін жоспар әзірлеуде. Ол үшін Ақ үй Венесуэланың мұнайына бақылау орнатып, Ресей мен Қытайды өңірден ығыстыруды жоспарлап отыр.
Еске салсақ, Венесуэланың басшысы Николас Мадуро ұсталғаннан кейін, АҚШ президенті бұл елдегі жағдайды бақылауды жеке өзі өз қолына алатынын мәлімдеді.
Тақырыпқа сай ұсынамыз:
- Вашингтон Каракасты бақылайды: АҚШ мемлекеттік департаментінің делегациясы Венесуэлаға келді
- Нобель комитеті: Мачадо Трампқа бейбітшілік сыйлығын бере алмайды
- Трамп Гренландия мен Канаданы АҚШ-қа қосып алған «әлемнің жаңа картасын» көрсетті
- Трамптың кесірінен: Франция НАТО-дан шығу мәселесін қарастыра бастады
Жаңалықтар
- Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
- Тоқаев Ираннан БАӘ-ге жасалған зымыран шабуылдарын айыптады
- Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
- Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарында алғашқы медаль алды
- Шымкентте -12 градусқа дейін аяз болуы мүмкін
- Оңтүстік Кореядағы алапат өрттен кейін қазақстандықтың денесі табылды
- Биыл Ораза айт пен Құрбан айт қашан басталады?
- Атыраудағы қанды іс: Күйеу бала отбасының төрт мүшесін өлтіргенін мойындады, әйелі психикалық орталықта жатыр
- Қазақстан жұлдыздары жаңа Конституцияға ән арнады
- Путин Трампқа Иранды жеңуге қол ұшын соза алатынын айтты
- Сурдлимпиада чемпионы Фархад Қыстаубаев өмірден өтті
- «Ордабасы» – «Ақтөбе» футболшылары бір-бірінің тісі мен жағын сындырды
- Алматыда қоқыс алаңынан сегіз иттің терісі сыпырылған өлексеcі табылды
- Америкалықтар асырап алған ер адам Қазақстандағы ата-анасына іздеу салды
- Михаил Шайдоров ISU сыйлығына үміткер атанды
- Таразда автобус жүргізушісі жолаушымен болған жанжал кезінде пышақ жарақатын алды
- Вьетнамда жоғалған Әсем Әубәкір табылды
- Николас Мадуро түрмеде отырып халқына ерекше хат жолдады
- Индонезияда қоқыс полигоны опырылып, жеті адам қаза тапты
- Қарағанды тұрғындарына 3,1 миллиард теңгеден астам қаражат қайтарылады