Тоқаев Қытай елшісін «Достық» II дәрежелі орденімен марапаттады
Фото: Ақорда баспасөз қызметі
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Сяоны «Достық» II дәрежелі орденімен марапаттап, екі ел арасындағы достықты нығайту мен стратегиялық серіктестікті дамытуға қосқан ерекше үлесін жоғары бағалады, деп хабарлайды Orda.kz.
Марапаттау рәсімі барысында Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытайды «берік достық пен тату көршілік қарым-қатынастар» біріктіретінін атап өтті.
Тоқаевтың айтуынша, екі ел арасындағы қарым-қатынас бүгінгі таңда жан-жақты дамып, саяси диалогтың қарқындылығымен, экономикалық ынтымақтастықтың нығаюымен және мәдени алмасулардың артуымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалар саны ұлғайып, қауіпсіздік саласында, әсіресе «үш зұлым күшпен» күресте тығыз байланыс орнаған.
Президент сондай-ақ Қазақстан мен Қытайдың халықаралық аренадағы рөлін атап өтті. Екі мемлекет БҰҰ, ШЫҰ, АӨСШК секілді ұйымдар аясында, сондай-ақ «Орталық Азия – Қытай» форматында бірлесе жұмыс істеп келеді.
Марапатты қабылдаған Чжан Сяо Қазақстан Президентіне ризашылығын білдіріп, Қытай тарапының жан-жақты серіктестікті одан әрі дамытуға бейілді екенін жеткізді.
Еске сала кетсек, Orda.kz Қытайдағы қазақтар жайлы және «қайта тәрбиелеу» орталықтарында отырып шыққан қазақтар жайлы жазған болатын.
Жаңалықтар
- Ормуз бұғазымен өтетін кемелерді сақтандыру бағасы қымбаттады
- Тараздағы жеті қыз жабылып кастетпен ұрды деген оқиға ойдан шығарылған
- Маңғыстауда қызды ұрлап некеге мәжбүрлегендерге үкім шықты
- «Ақтөбе» ФК ресми түрде мәлімдеді: Нани Love Айкамен кездеспейді
- Бас прокуратура алаяқтықтың жаңа түрі туралы шұғыл ескерту жасады
- ҚР СІМ: Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялау аяқталды
- Тегеран: АҚШ пен Израиль Турция мен Иранды арандатуға тырысуда
- Жәрдемге келген медицина қызметкерлері өздері көмекке мұқтаж болып жатыр
- Ұлыстың ұлы күні — әз Наурызды Алматы қалай тойлайды?
- Қазақстанда ипотека алу қиын әрі қымбат. Неге?
- Иран Ормуз бұғазы арқылы Үндістан кемелеріне өтуге рұқсат берді
- Тоқаев Ербол Хамитовты Паралимпиададағы жеңісімен құттықтады
- «Көрісу» дәстүрінің тарихы
- Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алтын түсті
- Мемлекет басшысы Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді
- Теңізде төтенше жағдай: Компания өрттің шығу себебін тексеріп жатыр
- Түркияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын жер сілкінісі болды
- Блогер Жанабыловтар отбасының ісі бойынша сот тыңдауы басталды
- 4 адам мерт болды: Иракта АҚШ-тың жанармай құятын әскери ұшағы құлады
- Снежанна Имашева отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл болды